Жоба Қазақстан Республикасының Заңы
ҚР Үкіметінің 2009.29.04. № 597 Қаулысымен кері қайтарып алынды
ҚР Үкіметінің 2006.28.12. № 1297 Қаулысымен ҚР Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілді
Осы Заң Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық және ғылыми-техникалық дамуы, ұлттық қауіпсіздігі мен қорғанысын қамтамасыз ету, халықаралық ынтымақтастығын кеңейту мақсатында жүзеге асырылатын ғарыш қызметі саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді және ғарыш қызметін ұйымдастыру мен жүзеге асырудың негізгі принциптерін айқындайды.
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) ғарыш қызметi - ғылыми-зерттеу және тәжірибе-конструкторлық жұмыстар жүргізуді, ғарыштық мақсаттағы арнаулы аспаптар мен жабдықтарды, зымыран-ғарыш техникасы мен технологияларын өндіруді, пайдалануды, жөндеуді және қайта жаңғыртуды қоса алғанда, ғарыш объектілері мен жер үсті ғарыш инфрақұрылым объектілерін құруға және/немесе пайдалануға байланысты ғарыш кеңістігін пайдалану жөніндегі қызмет; 2) ғарыш объектісi - ғарыш кеңістігінде пайдалануға арналған аппарат, техникалық құрылғы; 3) ғарыш айлағы - шығару құралдарын/ғарыш объектілерін іске қосуды/ұшыруды дайындауға және жүзеге асыруға арналған жер учаскелерімен бірге құрылыстар және техникалық құралдар кешені; 4) Қазақстан Республикасының ғарышкерi - ғарышкерлер даярлау жөніндегі мамандандырылған мекемеде арнаулы даярлықтан өткен және тиісті құжат алған және/немесе ғарыш бағдарламаларын орындау мақсатында ғарыштық ұшуға қатысқан Қазақстан Республикасының азаматы; 5) жер үсті ғарыш инфрақұрылымы - техникалық және технологиялық жүйелерімен және жабдықтарымен қоса, жер үсті құрылыстары, ғарыш қызметін жүзеге асыру кезінде тікелей пайдаланылатын Қазақстан Республикасы аумағының учаскелері; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|