«Қазақстан Республикасы Yкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы»
Осы редакция 2007 ж. 2 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін: 1) «Қазақстан Республикасының Құқықтық саясат тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2002 жылғы 30 қарашадағы № 1274 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2002 ж., № 43, 434-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Құқықтық саясат тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында: реттік нөмірі 22-жолдың 5-бағанындағы «2006 жыл» деген сөздер «2007 жылғы 1-тоқсан» деген сөздермен ауыстырылсын; 2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2006 - 2007 жылдарға арналған перспективалық жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 тамыздағы № 824 қаулысында: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2006 - 2007 жылдарға арналған перспективалық жоспарында: реттік нөмірі 36-2-жолдағы «2006 жылғы 4-тоқсан» деген сөздер «2007 жылғы 1-тоқсан» деген сөздермен ауыстырылсын; 3) «Қазақстан Республикасының Үкіметі заң жобалау жұмыстарының 2006 жылға арналған жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 9 ақпандағы № 94 қаулысында: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі заң жобалау жұмыстарының 2006 жылға арналған жоспарында: реттік нөмірі 56-жол алынып тасталсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
|