|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 16 шілдедегі № 784 қаулыcына толықтыру енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 1195 Қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 29 наурыздағы № 828 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 272 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. «Қазақстан Республикасының Үкіметі тағайындайтын немесе онымен келісім бойынша тағайындалатын лауазымды адамдар бойынша кадр мәселелерін шешу тетігін жетілдірудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 16 шілдедегі № 784 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі тағайындайтын немесе онымен келісім бойынша тағайындалатын орталық және жергілікті атқарушы органдардың, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің мемлекеттік саяси қызметшілері мен өзге де басшы лауазымды адамдары лауазымдарының тізбесінде: мынадай:
"Министрлердің Үкімет министрлермен Президентпен - орынбасарлары немесе оның (вице-министрлер) тапсыруымен Әкімшілік Басшысымен "
деген жолдың алдынан:
"Премьер-Министр Үкімет Премьер- Президентпен - Кеңсесінің Басшысы Министрмен немесе оның тапсыруымен Әкімшілік Басшысымен "
деген жолмен толықтырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |