|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 5 наурыздағы № 214 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. «Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер штат санының лимиттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 5 наурыздағы № 214 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген республикалық бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер қызметкерлері штат санының лимиттерінде: «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі» деген 10-бөлімнің 3-бағанында: «Емханасы бар орталық госпиталь» деген жолдағы «581» деген сандар «570» деген сандармен ауыстырылсын; «Аумақтық госпитальдар мен емханалар» деген жолдағы «1433» деген сандар «1444» деген сандармен ауыстырылсын. 2. Осы қаулы 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |