|
|
|
22.03.2007 Поздравление Главы государства с праздником Наурыз-мейрамы
Құрметті алматылықтар! Қадірлі отандастар!
Күн мен түннің теңескен, дүниенің барлығы жаңарған, көктеммен бірге келетін Наурыз мерекесі - баршаларымызға құт-береке, жақсылық әкелетін мейрам. Баршаларыңызға мейрам құтты болсын, болашағымыз баянды болсын деп айтқым келеді. Қазақстан тәуелсіз мемлекет болысымен, ең алғашқы дініміз бен тілімізді, дәстүріміз бен тарихымызды түгендедік. Ең бастысы, бүкіл мұсылман қауымы атап өтіп жатқан бүгінгі Наурыз мерекесі болды. Жылдан-жылға бұл күні біз өткенді еске алып, атқарған шаруамызды халыққа паш етіп, түгендейтін күн. Бүгінгі күні жан-жағымызға қарасақ, Қазақстан жаңа болып жаңарды. Жастарымыздың көңілі мерей болды. Қай жерде жұмыс істеймін десе де, қай жерде оқимын десе де, дүниежүзінің қай жеріне барып қайтамын десе де барлығының құқы бар. Осының барлығы - тәуелсіздіктің арқасы, бірліктің арқасы, діндеріміздің татулығының арқасы. Әр жанұяда бейбітшілік болса, ол өз қолымызбен жасаған жақсылық деуіміз керек. Бүгінгі Қазақстан - жаңарған Қазақстан. Жағдаймыз түзелген Қазақстан. Дамыған елу елдің қатарына ену үшін бір атаның баласындай қызмет етуміз керек. Биылғы Жолдауда халықтың әлеуметтік мәселесі көтерілді. Бірлігіміз болса біз әлі де болса талай белестерді аламыз. Бұл күні барлығымыз наурыз көже пісіріп, ағайындар арасында татулық орнатудамыз. Сондықтан бір-бірімізге жақсылық тілейік, бірлік тілейік.
Уважаемые алмаатинцы! Дорогие казахстанцы!
Наурыз - это праздник весны и обновления, когда вся природа оживает, всё обновляется, рождаются новые надежды. Наурыз стал праздником для всех нас, для всего многонационального Казахстана. В условиях дружбы, братства, равноправия живёт наш народ. Благодаря стабильности, взаимопониманию и трудолюбию мы достигли больших свершений. За 15 лет независимости мы изменили облик Казахстана, создали новую страну, новых людей, открыли все пути перед молодым поколением. Благодаря той политике, которую проводит Казахстан, богатеет страна, развивается бизнес, появляются новые рабочие места. Государство ежегодно увеличивает размер пенсий и выплат многодетным матерям, неимущим, инвалидам. В этом году государственным служащим и работникам бюджетной сферы увеличена заработная плата на 30 процентов. В соответствии с моим новым Посланием будут предоставлены новые льготы. Это всё становится возможным благодаря стабильности в стране и дружбе народов. Нигде в мире столь многонациональный народ не живет в таком братстве и согласии, как в Казахстане. Я думаю, что мы можем быть удовлетворены сегодняшними достижениями. А для будущего будем работать, засучив рукава. Сохраним нашу стабильность, нашу дружбу, наше равноправие. Мы не должны допустить никаких поползновений на наше единство.
***
«Төртеу түгел болса, төбедегі келеді» деген халқымыздың ұлы да дана мақалы бар. Осының арқасында біздің ырыздығымыз өсіп, еңселі ел болып келеміз. Қазақ халқы көптеген жетістікке жетуде. Қазақ деген халықты дүниежүзі білетін болды. Біз қазір дамыған 50 елдің қатарына кіреміз деген мақсат қойып отырмыз, қажет болса олардан да озамыз. Бұл мақсатқа жетеміз де. Осы үшін жұмыс істеу - бәрімізге міндет, барлығымызға парыз. Баршаңызға, әр жанұяға, әр қазақстандыққа шын жүрегімнен, шынайы көңіліммен бақ-береке тілеймін. Еліміз аман, жұртымыз бақытты болсын!
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |