«Қазақстан экономикасының «қызып кету» себептерін талдау және оны еңсеру
бойынша шаралар кешенін әзірлеу жөнінде жұмыс тобын құру туралы»
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2006 жылғы 20 қыркүйектегі
№ 274-ө Өкімі
Осы редакция 2007 ж. 20 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан экономикасының «қызып кету» себептеріне талдау жүргізу және оны еңсеру жөнінде шаралар кешенін әзірлеу мақсатында:
1. Мынадай құрамда жұмыс тобы құрылсын:
Мәсімов Кәрім Қажымқанұлы | - Қазақстан Республикасы Премьер- Министрінің орынбасары - Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі, жетекшi |
Құсайынов Марат Әпсеметұлы | - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі, хатшы |
Iзмұхамбетов Бақтықожа Салахатдинұлы | - Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрi |
Қарақұсова Гүлжан Жанпейісқызы | - Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрi |
Коржова Наталья Артемовна | - Қазақстан Республикасының Қаржы министрi |
Мамин Асқар Ұзақбайұлы | - Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрi |
Школьник Владимир Сергеевич | - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрi |
Дунаев Арман Ғалиасқарұлы | - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігінің төрағасы |
Сағынтаев Бақытжан Әбдірұлы | - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы |
Сұлтанов Бақыт Тұрлыханұлы | - Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің төрағасы |
Сәйденов Әнуар Ғалимоллаұлы | - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы |
Мусина Лилия Сәкенқызы | - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрi |
Бішімбаев Қуандық Уәлиханұлы | - Қазақстан Республикасы Премьер- Министрінің орынбасары - Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің кеңесшісi |
Құсайынов Нұрлан Жетпісұлы | - «Маркетингтік-талдамалық зерттеулер орталығы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы |
Үртембаев Асқар Қалмұхаметұлы | - Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы кеңесі төрағасының кеңесшісi |
Сәбден Оразалы Сәбденұлы | - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитетi «Экономика институты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының директоры |
2. Жұмыс тобы ай сайын Қазақстан Республикасының Үкіметіне Қазақстан экономикасының «қызып кету» себептерін талдау жөніндегі есепті және оны еңсеру бойынша шаралар кешенін әзірлеу жөніндегі ұсыныстарды енгізсін.
3. Осы өкімнің іске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Кәрім Қажымқанұлы Мәсімовке жүктелсін.
Премьер-Министр | Д. Ахметов |