Осы редакция 2007 ж. 2 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң
1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң Ауылдық аумақтар iстерi комитетi (бұдан әрi - Комитет) өзiне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерiмен және осы ережемен жүктелген ауылдық аумақтар iстерi жөніндегі мемлекеттік саясатты және көрсетiлген салада бақылау функцияларын iске асыру саласындағы арнайы атқарушылық және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң (бұдан әрi - Министрлiк) құзыретi шегіндегі ведомствосы және уәкілеттi органы болып табылады. 2. Комитеттің негізгi мiндеттерi: 1) ауылдық аумақтарды дамыту жөніндегі мемлекеттік саясаттың iске асырылуын қамтамасыз ету; 2) ауылдық аумақтарды дамытудың және ауыл халқының тiршілiгiн қамтамасыз етудiң құқықтық және әлеуметтiк-экономикалық шарттарын жетiлдiру болып табылады. 3. Комитет өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкіметінiң кесiмдерiн, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдердi, сондай-ақ осы ереженi басшылыққа алады. 4. Комитет мемлекеттік мекеменiң ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы, Министрлiкке ведомстволық бағыныстағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттік тiлде жазылған мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкілерi, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетiнiң органдарында және банктерде шоттары болады. Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi. Егер Комитет заңнамаға сәйкес бұған уәкілеттi болса, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқылы. 5. Комитеттiң құрылымын және штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтедi. 6. Комитеттiң заңды мекен-жайы: 473000, Астана қаласы, Абай даңғылы, 49. 7. Комитеттің толық атауы - "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң Ауылдық аумақтар iстерi комитетi" мемлекеттік мекемесi. 8. Осы ереже Комитеттің құрылтайшы құжаты болып табылады. 9. Комитет қызметiн қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады. Комитеттің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау мәнiне кәсiпкерлік субъектілерiмен шарттық қатынастарға түсуге Комитетке тыйым салынады. Комитетке заңнамалық кесiмдермен, оған кiрiстер әкелетiн қызметті жүзеге асыру жөнінде құқық берілген жағдайда мұндай қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджеттiң кiрiсiне жiберіледi.
2. Комитеттің функциялары мен құқықтары
10. Комитет мемлекеттік саясатты iске асыруды қамтамасыз ететiн мынадай функцияларды жүзеге асырады: 1) мемлекеттiң аграрлық және өңiрлiк саясатын, стратегиялық жоспарларды, ауылдық аумақтарды дамытуға бағытталған мемлекеттік және өзге де бағдарламалар мен жобаларды iске асыру; 2) орталық және жергіліктi атқарушы органдардың ауылдық аумақтарды дамыту мәселелерi жөніндегі қызметін үйлестiру; 3) ауылдық аумақтарды дамытудың мониторингiн жүргiзу және осы саладағы мемлекеттік бағдарламаларды iске асыру; 4) ауылдық елдi мекендердiң ауыл тұрғындарының тiршілігін қамтамасыз ету нормативтерiне сәйкестігiн бағалауды жүргiзу; 5) ауылдық жерлерде шағын кредит беру бағдарламаларын iске асыру; 6) ауылдық аумақтарды дамыту саласындағы халықаралық бағдарламаларды iске асыру, инвестицияларды, гранттарды, техникалық көмектi пайдалану жөнiнде халықаралық қаржылық институттарымен өзара әрекет ету; 7) әлеуметтік экономикалық даму деңгейi бойынша ауылдық елдi мекендердi паспорттау; 8) ауыл халқын оңтайлы қоныстандыру схемаларын әзiрлеу жөнiнде ұсыныстар қалыптастыру; 9) ауылдық аумақтарды тиiмдi дамыту жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу; 10) ауылдық аумақтарды дамыту жөніндегі мемлекеттік саясаттың мақсаттарын, мiндеттерiн насихаттау; 11) экономикалық перспективалы өңiрлер мен елдi мекендерге елдiң басқа өңiрлерi мен елдi мекендерiнен көшуге ынталандыруға жататын адамдардың санын келiсу; 12) ауылдық аумақтарды дамыту жөнінде ақпарат жинау және талдау. 11. Комитет мемлекеттік саясаттың iске асырылуын бақылауды қамтамасыз ету мақсатында орталық және жергілiктi атқарушы органдардың ауылдық аумақтарды дамыту мәселелерi жөнiндегі бағдарламалық құжаттардың iске асырылуына бақылауды жүзеге асырады. 12. Комитет негiзгі міндеттердi iске асыру және өз функцияларын жүзеге асыру үшін өз құзыреті шегiнде заңнамада белгiленген тәртiппен: 1) нормативтік құқықтық кесiмдер шығаруға; 2) Комитеттiң қарамағындағы республикалық мемлекеттік кәсiпорындарды мемлекеттік басқару органы болуға; 3) Комитетке жүктелген мiндеттер мен функцияларды жүзеге асыру үшiн мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардан қажеттi ақпарат сұратуға және алуға; 4) ауылдық аумақтарды дамыту жөнiнде мүдделi мемлекеттік органдарға ұсыныстар енгізуге; 5) өз құзыретiнiң мәселелері бойынша болжалды жобалардың редакцияларын қоса берiп Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық кесiмдерiн әзiрлеу немесе оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнiнде ұсыныстар енгізуге; 6) ауылдық елдi мекендердiң әлеуметтiк және инженерлік инфрақұрылым объектiлерiмен қамтамасыз етілу нормативтері бойынша ұсыныс енгізуге құқылы.
13. Комитеттiң жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болады. Комитеттің мүлкі оған мемлекет берген мүлiктiң есебiнен қалыптасады және негізгі әрі айналым қаражатынан, сондай-ақ құны Комитеттің теңгерімінде көрсетілетiн өзге де мүлiктен тұрады. 14. Комитетке бекітілiп берiлген мүлiк республикалық меншiкке жатады. 15. Комитет өзiне бекiтілiп берiлген мүлiктi өз бетiнше иеліктен оқшаулауға немесе өзге де тәсiлмен билiк етуге құқылы емес.
4. Комитеттің қызметiн ұйымдастыру
16. Комитетті Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын төраға басқарады. Комитет төрағасының ұсынуы бойынша Төрағаның Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын орынбасарлары болады. 17. Төраға Комитеттің жұмысын ұйымдастырады және басқарады әрi Комитетке жүктелген міндеттердiң орындалуы және оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшiн дербес жауапкершілік алады. 1) Комитеттiң қызметкерлерiн лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады; 2) өз орынбасарларының мiндеттерi мен өкілеттіктерін айқындайды; 3) бұйрықтарға қол қояды; 4) Комитеттiң құрылымдық бөлiмшелерi туралы ереженi бекiтедi; 5) мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда Комитеттi білдіредi; 6) Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрiмен келісім бойынша Комитеттің штат кестесiн бекiтедi. 19. Комитет қабылдайтын шешiмдер Комитет төрағасының бұйрықтарымен ресімделеді.
5. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату
20. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі Ауылдық аумақтар істері комитетінің Құрылымы
Басшылық Үйлестіру және мониторинг басқармасы: әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру бөлімі, ауылдық елді мекендердің мониторингі бөлімі Шағын кредит беру бөлімі Ішкі көші-қон және ауыл халқын оңтайлы қоныстандыру бөлімі
|