|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 21 шілдедегі № 696 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. «Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан, құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделмеген жылжымайтын мүлікті жария етуді жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 21 шілдедегі № 696 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 27, 287-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан, құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделмеген жылжымайтын мүлікті жария етуді жүргізу ережесінде: 3-тармақтағы «1 сәуірде» деген сөздер «1 тамызда» деген сөздермен ауыстырылсын; 11-тармақтың алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «Жария етілген жылжымайтын мүлік объектісіне арналған техникалық паспортты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі комитеті облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жылжымайтын мүлік орталықтары - республикалық мемлекеттік кәсіпорындары мен олардың филиалдары ресімдейді.»; 17-тармақтағы «1 шілдеге» деген сөздер «1 қарашаға» деген сөздермен ауыстырылсын. 2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |