|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 12 ақпандағы № 189 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2009.11.12. № 2091 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Қазақстан Республикасының Халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық жөніндегі сарапшылық кеңесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 12 ақпандағы № 189 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 8, 51-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1) 2-тармақ алынып тасталсын; 2) 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «3. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары Қазақстан Республикасының Халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық жөніндегі сарапшылық кеңесіне оның қызметінде және оның талап етуі бойынша Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдармен ынтымақтастығы жөніндегі барлық қажетті құжаттамамен және материалдармен қамтамасыз етуде жәрдем көрсетсін.»; 4) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық жөніндегі сарапшылық кеңесі туралы ережеде: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық жөніндегі сарапшылық кеңесі (бұдан әрі - Сарапшылық кеңес) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының халықаралық ұйымдармен ынтымақтастығы жөнінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдарға кіру, олардан шығу және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарға қосылу мәселелері жөнінде ұсыныстар әзірлеу жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.»; бірінші абзац алынып тасталсын; екінші абзацтағы: «Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің» деген сөздер «Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің, «Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің, Индустрия және сауда министрлігінің» деген сөздермен ауыстырылсын; «Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігінің (келісім бойынша)» деген сөздер алынып тасталсын; 3-тармақта «нормативтік» деген сөзден кейін «құқықтық» деген сөзбен толықтырылсын; 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «4. Сарапшылық кеңестің негізгі міндеті Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерін ескере отырып, республиканың халықаралық ұйымдармен ынтымақтастығының барынша тиімділігін және осы ұйымдарға қатысуға байланысты халықаралық міндеттемелердің сақталуын қамтамасыз ету үшін ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу болып табылады.»; екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының халықаралық шарттарға қосылуы туралы, сондай-ақ халықаралық ұйымдарға кіру және олардан шығу туралы ұсыныстарын қарайды;»; үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан үшін басым халықаралық ұйымдарды айқындау және Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдарға кіруінің, олардан шығуы мен халықаралық шарттарға қосылуының ішкі рәсімінің тәртібі жөнінде ұсыныстар әзірлейді;»; төртінші абзацтағы «Қазақстан Республикасы министрліктерінің, мемлекеттік комитеттерінің, өзге де орталық және атқарушы органдарының қызметін үйлестіреді және талдайды» деген сөздер «ұсыныстар әзірлейді» деген сөздермен ауыстырылсын; бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: «Осыған байланысты мемлекеттік органдар Сарапшылық кеңеске мынадай құжаттарды ұсынады: а) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарға қосылуы, сондай-ақ халықаралық ұйымдарға кіруі туралы Сарапшылық кеңес төрағасының атына ұйымның бірінші басшысы қол қойған өтінім-хат; б) мемлекеттік органның бірінші басшысы бұрыштама қойған халықаралық шарттың, халықаралық ұйымның тиісті құрылтай құжатының мемлекеттік, орыс тілдеріндегі, сондай-ақ түпнұсқа тіліндегі мәтіні; в) қосылудың, кірудің және мүшеліктің қаржылық шарттары туралы ақпараты бар, Қазақстан Республикасының халықаралық шартқа қосылуының, халықаралық ұйымдарға кіруінің орындылығының негіздемесі бар түсіндірме жазба, сондай-ақ жыл сайынғы ақпараттық және басқа да материалдар;»; алтыншы абзацта «Қазақстан Республикасының Үкіметіне» деген сөздер алынып тасталсын, «ұсыныстарды енгізеді» деген сөздер «ұсыныстар әзірлейді» деген сөздермен ауыстырылсын; жетінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдарға және халықаралық шарттарға қатысуы туралы бұрын қабылданған шешімдерді қайта қарау жөнінде, сондай-ақ олардағы одан әрі мүшеліктің орындылығы жөнінде: ұсыныстар әзірлейді.»; «жұмыс жоспарына сәйкес үш айда бір рет» деген сөздер «қажеттілігіне қарай, бірақ кемінде жарты жылда бір рет» деген сөздермен ауыстырылсын; «көп жақты Конвенцияларға, Пактілерге, Келісімдерге, Шарттарға» деген сөздер «халықаралық шарттарға» деген сөздермен ауыстырылсын; 7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «7. Сарапшылық кеңес төрағасы оның жұмысына басшылық жасайды, Сарапшылық кеңестің отырыстарында төрағалық етеді, оның жұмысын жоспарлайды, оның шешімдерінің іске асырылуын жалпы бақылауды жүзеге асырады және қолданыстағы заңнамаға сәйкес Сарапшылық кеңес жүзеге асыратын қызмет, сондай-ақ салааралық, ведомствоаралық үйлестіру мен Сарапшылық кеңес шығаратын шешімдер үшін дербес жауапкершілікте болады. Төраға болмаған кезде оның функцияларын орынбасары атқарады.»; мынадай редакциядағы 8, 9, 10-тармақтармен толықтырылсын: «8. Сарапшылық кеңестің жұмыс органы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі болып табылады. 9. Сарапшылық кеңестің хатшысы Сарапшылық кеңес отырысының күн тәртібі жөніндегі ұсыныстарды, қажетті құжаттарды, материалдарды дайындайды және оны өткізген соң хаттамаларды ресімдейді. Хатшы Сарапшылық кеңестің мүшесі болып табылмайды. 10. Сарапшылық кеңестің шешімдері ашық дауыспен қабылданады және Сарапшылық кеңес мүшелерінің жалпы санының басым көпшілігі дауыс берсе, қабылданған болып саналады. Дауыстар тең болған жағдайда, төраға дауыс берген шешім қабылданған болып саналады. Сарапшылық кеңестің мүшелері ерекше пікірге құқығы бар, оны білдірген кезде ол жазбаша түрде баяндалуы және Сарапшылық кеңес отырысының хаттамасына қоса берілуі тиіс. Сарапшылық кеңес отырыстарының өту нәтижелері бойынша оның барлық мүшелері міндетті түрде қол қоятын хаттама жасалады.»; 5) көрсетілген қаулымен бекітілген Сарапшылық кеңестің құрамына мыналар енгізілсін:
көрсетілген құрамнан Тоқаев Қасымжомарт Кемелұлы, Шамсутдинов Ринат Шарафутдинович, Сұлтанов Бақыт Тұрлыханұлы, Әбусейітов Қайрат Қуатұлы, Оразбақов Ғалым Ізбасарұлы, Мешімбаева Анар Ертөлеқызы (келісім бойынша), Мұқашев Жанат Бәзікенұлы, Ахметов Асқар Әбдірашитұлы шығарылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |