Осы редакция 2007 ж. 29 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті Төрағасының 2005 жылғы 22 сәуірдегі № 119 бұйрығымен бекітілген
Берілген сәйкестік сертификаттарының немесе
1. Осы Ереже "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12 бабына сәйкес әзірленді, берілген сәйкестік сертификаттарының немесе сәйкестік туралы декларациялар тіркеулерінің қолданылу мерзімін тоқтату немесе күшін жою тәртібін белгілейді. 2. Ереже талаптары Қазақстан Республикасы мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің қызметіне қатысатын сәйкестікті растау бойынша аккредиттелген органдарға, олардың қызметін бақылаушы органдарға, сонымен қатар заңды және жеке тұлғаларға міндетті. 3. Берілген сәйкестік сертификаттарының немесе сәйкестік туралы декларациялар тіркеулерінің қолданылу мерзімін тоқтатуға немесе күшін жоюға белгілі бір өнімнің сәйкестігі туралы декларацияға тіркеу, сәйкестігін растау жүргізген сәйкестікті растау бойынша органдардың және техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптардың орындалуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды тұлғалардың құқығы бар.
2. Сәйкестікті растау бойынша органның берілген сәйкестік сертификаттарының немесе сәйкестік туралы декларациялар тіркеулерінің қолданылу мерзімін тоқтату немесе күшін жою тәртібі
4. Сәйкестік сертификатының немесе сәйкестік туралы декларация тіркеуінің қолданылу мерзімі мына жағдайларда тоқтатылуы немесе күшін жоюы мүмкін: 1) белгілі бір өнімнің өндірісі немесе кәсіпорын қызметінің тоқтатылуына байланысты сәйкестікті растау бойынша органның және өтінім берушінің өзара келісімі бойынша; 2) сертификатталған өнімге жүргізілген инспекциялық тексерістің теріс нәтижелері бойынша; 3) техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптардың орындалуына мемлекеттік бақылаудың теріс нәтижелері бойынша. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|