|
|
|
Қазақстан Республикасының Әділет министрі З.Я. Балиеваны Вена
2009 жылы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық етуге Қазақстан Республикасының өтінімін жылжыту жөніндегі кешенді іс-шаралар жоспарының 20-тармағын орындау үшін: 1. Қазақстан Республикасының Әділет министрі Зағипа Яхянқызы Балиева 2007 жылғы 23 - 29 мамыр кезеңіне Вена қаласына (Австрия Республикасы) іссапарға жіберілсін. 2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрілігі: 1) жол жүру құжаттарын белгіленген тәртіппен ресімдесін; 2) Зағипа Яхянқызы Балиеваға қонақ үйде тұруға, тәуліктік және Астана - Майндағы Франкфурт - Вена - Майндағы Франкфурт - Алматы бағыты бойынша көліктік шығыстарға 2007 жылға арналған республикалық бюджетте 005 «Шетелдік іссапарлар» бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебінен валюта айырбастаудың берілетін күнгі нарықтық бағамы бойынша белгіленген тәртіппен шетелдік валютада қаражат бөлсін.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |