Еуразия даму банкінің кейбір мәселелері туралы
Осы редакция 2007 ж. 29 мамырдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
2006 жылғы 12 қаңтардағы Еуразия даму банкін құру туралы келісіммен бекітілген Еуразия даму банкі Жарғысының 13 және 14-баптарын орындау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Мыналар: 1) Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрі Владимир Сергеевич Школьник Еуразия даму банкінің Кеңесіндегі Қазақстан Республикасының өкілетті өкілі; 2) Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі Асқар Раушанұлы Елемесов Еуразия даму банкінің Кеңесіндегі Қазақстан Республикасының өкілетті өкілінің орынбасары болып тағайындалсын. 2. Ресей Федерациясының Еуразия даму банкі басқармасының төрағасы лауазымына белгіленген тәртіппен сайлау үшін Игорь Валентинович Финогеновті тағайындау туралы ұсынысына келісім берілсін. 3. Осы қаулы Еуразия даму банкін құру туралы келісім күшіне енген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
|