Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 31 шілдедегі № 423 Жарлығы
Осы редакция 2007 ж. 20 маусымдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының мәдени және гуманитарлық салаларын дамытуға бағытталған қайырымдылық және демеушілік қызметін көтермелеу мақсатында қаулы етемін: 1. Мәдени және гуманитарлық салалардағы қайырымдылық және демеушілік қызметі үшін Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы 30 Құрмет дипломы (бұдан әрі - Диплом) тағайындалсын. 2. Қоса беріліп отырған: Диплом нысанының сипаттамасы; Дипломның омырауға тағатын белгісінің сипаттамасы бекітілсін. 3. Қазақстан Республикасының Үкіметі: 1) Дипломмен марапаттауға байланысты мәселелерді қарау жөніндегі ережені әзірлесін және бекітсін; 2) Дипломды беру жөніндегі комиссияны құрсын және оның құрамын бекітсін; 3) дипломдарды әзірлеуге байланысты жыл сайын шығыстарды республикалық бюджет қаражаты есебінен қаржыландыруды көздесін; 4) Дипломмен марапатталуға ұсынылатын адамдардың дербес құрамын жыл сайын бекітуге ұсынсын. 4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 31 шілдедегі № 423 Жарлығымен бекітілген Мәдени және гуманитарлық салалардағы қайырымдылық және демеушілік қызметі үшін Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет дипломы нысанының СИПАТТАМАСЫ Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|