|
|
|
Қазақстан Республикасының Заңы
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көші-қон мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; №11, 56, 64, 68-құжаттар; №14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85, 86-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20, 23-құжаттар; № 4, 28, 33-құжаттар; № 5-6, 40-құжат): 1) 394-баптың екінші бөлігінің бірінші абзацы «визада» деген сөзден кейін «, көші-қон карточкасында» деген сөздермен толықтырылсын; 2) 396-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацындағы «Қазақстан Республикасы аумағына заңсыз келген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды жұмыс берушінің жұмысқа қабылдауы» деген сөздер «Жұмыс берушінің Қазақстан Республикасында шетелдік жұмыс күшін тарту мен пайдалану ережелерін бұзуы не Қазақстан Республикасының аумағында заңсыз жүрген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды жұмысқа қабылдауы немесе еңбегін пайдалануы» деген сөздермен ауыстырылсын; 4) 398-бап мынадай редакцияда жазылсын: «398-бап. Босқынның тұру ережелерін бұзуы Босқынның тегі, аты, отбасылық жағдайы, отбасы құрамының өзгергені туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының немесе өзге мемлекеттің азаматтығын алғандығы туралы халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органға хабарламауы - ескерту жасауға немесе айлық есептік көрсеткіштің үштен беске дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»; 5) 541-баптың бірінші бөлігіндегі «397,» деген цифрлар алып тасталсын; 6) 552-баптың бірінші бөлігіндегі «396 (бірінші бөлігінде),» деген сөздер алып тасталсын; 7) 636-баптың бірінші бөлігінің 1) тармақшасында: екінші абзац «394 (екінші бөлігі),» деген сөздерден кейін «396 (екінші бөлігі),» деген сөздермен толықтырылсын; он төртінші абзац алып тасталсын; отыз бірінші абзацтағы «396 (екінші бөлігі),» деген сөздер алып тасталсын; 8) 730-баптың 2) тармақшасындағы «және 397» деген сөздер алып тасталсын. 2. 2001 жылғы 12 маусымдағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 11-12, 168-құжат; 2002 ж., № 6, 73, 75-құжаттар; № 19-20, 171-құжат; 2003 ж., № 1-2, 6-құжат; № 4, 25-құжат; № 11, 56-құжат; № 15, 133, 139-құжаттар; № 21-22, 160-құжат; № 24, 178-құжат; 2004 ж., № 5, 30-құжат; № 14, 82-құжат; № 20, 116-құжат; № 23, 140, 142-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 4, 5-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45, 46-құжаттар; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 77, 79-құжаттар; № 13, 85-құжат; № 16, 97, 98, 103-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20-құжат; № 4, 33-құжат; № 5-6, 37, 40-құжаттар): бүкіл мәтін бойынша «репатрианттар (оралмандар)», «оралмандар (репатрианттар)» деген сөздер «оралмандар» деген сөзбен ауыстырылсын. 3. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 13, 99-құжат; 2005 ж., № 9, 26-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 79, 83-құжаттар; № 16, 97-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат): Кодекстің орыс тіліндегі мәтініне өзгерістер енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді. 4. «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 8, 84-құжат; 1999 ж., № 13, 431-құжат; № 23, 921-құжат; 2001 ж., № 15-16, 228-құжат; 2002 ж., № 6, 71-құжат; 2003 ж., № 11, 67-құжат; 2004 ж., № 14, 82-құжат; № 17, 101-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 16, 103-құжат): 1) 2-бап мынадай редакцияда жазылсын: «2-бап. Негізгі терминдер мен анықтамалар Осы Заңда қолданылатын терминдер мен анықтамалар мыналарды білдіреді: әскери қызметшілер - Қарулы Күштерде, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда әскери қызметте тұрған Қазақстан Республикасының азаматтары; бөлек (өзіндік) меншік — жылжымайтын мүлікке меншіктің ерекше нысаны — кондоминиум құрылған тұрғын жай (тұрғын үй) құрамындағы үй-жайға азаматтардың, заңды тұлғалардың немесе мемлекеттің меншігі; жалға беруші — тұрғын үйді жалдау шартындағы тұрғын үйді меншіктенуші немесе меншік иесі атынан іс-қимыл жасаушы болып табылатын тарап; жалға берілетін үй - жеке және (немесе) заңды тұлғаға меншік құқығымен тиесілі, жалға беруге арналған тұрғын үй (тұрғын жай), тұрғын үй-жайлар (пәтерлер); жалдаушы (жалға алушы) - тұрғын үйді жалдау шартындағы тұрғын үйді немесе оның бір бөлігін тұрақты немесе уақытша пайдалануға алушы тарап; жатақхана — еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін адамдардың, оқу кезеңінде студенттер (курсанттар, аспиранттар) мен оқушылардың, сондай-ақ жатақхананың меншік иесімен немесе қожайынымен еңбек шарты бар басқа да адамдардың тұруы үшін арнайы салынған немесе қайта жабдықталған тұрғын жай; жер учаскесі - тұрғын үйге заңнамада белгіленген тәртіппен бекітіліп берілген жер аумағы; коммуналдық қызметтер — тұрғын үйде (тұрғын жайда) көрсетілетін және сумен жабдықтауды, канализацияны, газбен, электрмен, жылумен жабдықтауды, қоқысты әкету мен лифт қызметін көрсетуді қамтитын қызметтер; кондоминиум - үй-жай азаматтардың, заңды тұлғалардың, мемлекеттің бөлек (жеке-дара) меншігінде болатын, ал ортақ мүлік оларға ортақ үлесті меншік құқығымен тиесілі болатын жағдайда бірыңғай мүліктік кешен ретіндегі (бұдан әрі — кондоминиум объектісі) жылжымайтын мүлікке меншіктің ерекше нысаны; көп балалы отбасы - бірге тұратын (соның ішінде уақытша басқа жақта жүрген) кәмелетке толмаған төрт және одан да көп балалары бар отбасы; қосымша жалдаушы - тұрғын үйді қосымша жалдау шартындағы тұрғын үйді немесе оның бір бөлігін жалдаушыдан тұрақты немесе уақытша пайдалануға алатын тарап; қызметтік тұрғын үй - азаматтардың еңбек қатынастарының сипатына байланысты өз міндеттерін орындауы кезеңінде оларды қоныстандыруға арналған айрықша құқықтық режимдегі тұрғын үй; қызметтік тұрғын үйге теңестірілген тұрғын үй - мемлекеттік тұрғын үй қорынан мемлекеттік қызметшілерге, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлеріне, әскери қызметшілерге және мемлекеттік сайланбалы қызмет атқаратын адамдарға берілетін тұрғын үй; оралмандар - Қазақстан Республикасы егемендік алған кезде оның шегінен тыс жерлерде тұрақты тұрған және Қазақстанға тұрақты тұру мақсатында келген ұлты қазақ шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар; ортақ мүлік — тұрғын үйдің бөлек меншіктегі үй-жайлардан басқа барлық бөліктері. Ортақ мүлік құқығы заңнамада көзделген жер учаскесіне құқықты да қамтиды; табысы аздар — мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй беруді сұрар алдындағы соңғы он екі айда отбасының әрбір мүшесіне шаққандағы жиынтық айлық табысы заңнамада осы мақсаттар үшін белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейіне жетпейтін адамдар; толық емес отбасы — балаларды (баланы) ата-ананың біреуі, соның ішінде ажырасқан, жесір ата-ана тәрбиелейтін отбасы; тұрғын алаң — тұрғын үйдегі (пәтердегі) тұрғын бөлмелердің (жатын бөлменің, мейманжайдың, балалар бөлмесінің, үйдегі кабинеттің және сол сияқтылардың) шаршы метрмен есептелетін алаңының қосындысы; тұрғын емес үй-жай — тұрғын үйдің (тұрғын жайдың) ортақ мүлік болып табылатын бөлігін қоспағанда, тұрақты тұрудан өзге мақсаттарға пайдаланылатын жеке үй-жай (дүкен, кафе, шеберхана, кеңсе және сол сияқтылар); тұрғын үй — тұрақты тұруға арналған және соған пайдаланылатын, белгіленген техникалық, санитарлық және басқа да міндетті талаптарға сай келетін жеке тұрғын үй (жеке-дара тұрғын үй, пәтер, жатақханадағы бөлме); тұрғын үйді жалдау (жалға беру) — жалдаушыға (жалға алушыға) тұрғын үйді немесе оның бір бөлігін ақы төлеттіріп тұрақты немесе уақытша иеленуге және пайдалануға беру; тұрғын үйді жалдау (жалға беру) шарты - оған сәйкес жалға беруші тұрғын үйді не оның бір бөлігін жалдаушыға (жалға алушыға) тұрақты немесе уақытша иелену және пайдалану құқығын беретін шарт; тұрғын үйді жекешелендіру — азаматтардың мемлекеттік тұрғын үй қоры үйлеріндегі өздері тұратын үй-жайларды меншігіне сатып алуы, ол заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады; тұрғын үйді қосымша жалдау шарты — тараптардың, оған сәйкес жалдаушы қосымша жалдаушыға тұрғын үйді не оның бір бөлігін тұрақты немесе уақытша иелену және пайдалану құқығын беретін, шарты; тұрғын үйдің құны — тұрғын үйдің мәміле жасалған күні айқындалатын нарықтық құны; тұрғын үйдің (пәтердің) пайдалы алаңы — тұрғын үйдің тұрғын алаңы мен тұрғын емес алаңының қосындысы; тұрғын үйдің тұрғын емес алаңы — тұрғын үй-жайдағы ішкі қосалқы бөлмелердің (ас үйдің, ванна бөлмесінің, дәретхананың, кіреберістің, дәліздің, пәтер қоймасының және сол сияқтылардың) шаршы метрмен есептелетін алаңы; тұрғын үйдің (тұрғын жайдың) жалпы алаңы — тұрғын үйдегі бүкіл тұрғын үй-жайлардың пайдалы алаңы мен бүкіл тұрғын емес үй-жайлар алаңының, сондай-ақ тұрғын үйдің ортақ мүлік болып табылатын бөліктері алаңының қосындысы; тұрғын үйді реквизициялау — төтенше оқиғалар жағдайында мемлекеттік органдардың шешімі бойынша меншік иесінен тұрғын үйді заңнамалық актілерде белгіленген тәртіппен мәжбүр етіп алып, алынған тұрғын үйдің құнын, не Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне қайшы келмейтін өзге де өтем түрлерін төлеу; тұрғын үйді ұстауға жұмсалатын шығындар — тұрғын үйді пайдалануға, оны ағымдағы және күрделі жөндеуден өткізуге, сондай-ақ жер учаскесін ұстауға қажет төлемдер қосындысы; тұрғын үй-жай (пәтер) - тұрақты тұруға арналған және соған пайдаланылатын, тұрғын үйдің тұрғын алаңын да, тұрғын емес алаңын да қамтитын жеке үй-жай; тұрғын үй кооперативі (тұрғын үй-құрылыс кооперативі) — азаматтардың тұрғын үйді сатып алу (салу) және пайдалану мақсатындағы коммерциялық емес бірлестігі, онда тұрғын үйді меншіктену құқығы кооперативке тиесілі болады, ал кооперативке мүше азаматтар өздеріне бекітіліп берілген үй-жайларды иелену және пайдалану құқығына, ал жекелеген жағдайларда — белгіленген тәртіппен билік ету құқығына ие болады және тұрғын үйді күтіп ұстау шығынына қатысады; тұрғын үй қоры — Қазақстан Республикасы аумағындағы барлық меншік нысандарындағы тұрғын үйлер; тұрғын үй (тұрғын жай) — негізінен тұрғын үй-жайлардан, сондай-ақ тұрғын емес үй-жайлардан және ортақ мүлік болып табылатын өзге де бөліктерден тұратын құрылыс; уақытша тұрғындар — жалдаушы (тұрғын үйдің меншік иесі, тұрғын үй кооперативінің мүшесі) тұрғын үйді пайдаланғаны үшін олардан ақы алмай, тұрғын үйде уақытша тұру құқығын берген азаматтар; үй-жай — тұрғын үйдегі (тұрғын жайдағы) жеке ішкі кеңістік. Үй-жай қабырғасының, еденінің және төбесінің (қабатаралық жабынның) ішкі бөлінбеген беті, егер заңнамада немесе меншік иелері арасындағы келісімде өзгеше көзделмесе, әрбір үй-жайдың шекарасы болып табылады; үй-жайлар иелерінің кооперативі - көп пәтерлі тұрғын үйдегі (үйлердегі) үй-жайлар (пәтерлер) иелерінің кондоминиум объектісін басқару мақсатында құрылатын коммерциялық емес бірлестігі; шектеулі пайдаланылатын ортақ мүлік - ортақ мүліктің жеке меншік иесінің (меншік иелерінің) пайдалануына белгіленген ретпен берілетін жекелеген бөліктері.»; 2) 4-баптың 3-тармағының екінші бөлігінде «заңдарда» деген сөз «Қазақстан Республикасының заңдарында» деген сөздермен ауыстырылсын; 3) 18-баптың 2-тармағының үшінші бөлігінде «заңдарда» деген сөз «Қазақстан Республикасының заңдарында» деген сөздермен ауыстырылсын; 4) 68-баптың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «7) оралмандар;»; 5) 108-баптың 3-тармағында орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді. 5. «Халықтың көші-қоны туралы» 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 24, 341-құжат; 2001 ж., № 8, 50-құжат; № 21-22, 285-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 6, 76-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 3, 23-құжат): 1) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын: «1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) бейімдеу қызметтері - оралмандар мен олардың отбасыларының мүшелеріне оралмандарды бейімдеу және кіріктіру орталығында көрсетілетін, құқықтық консультацияны, мемлекеттік тілді және қалауы бойынша орыс тілін оқытуды, кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды және біліктілігін арттыруды қамтитын қызметтер кешені; 2) босқындар - саяси сенімдері, нәсілдік, діни наным, азаматтық, ұлттық белгілері, белгілі бір әлеуметтік топқа жататындығы бойынша қудалау құрбаны болудың негізделген қауіптеріне байланысты өзі азаматы болып табылатын елден тыс жерде тұруға мәжбүр және осындай қауіптер салдарынан өз елінің қорғауын пайдалана алмайтын немесе қорғауын пайдаланғысы келмейтін шетелдіктер немесе өзінің бұрынғы тұрғылықты елінен тыс жерде тұрып жатқан, осы қауіптер салдарынан оған қайтып орала алмайтын немесе қайтып оралғысы келмейтін азаматтығы жоқ адамдар; 3) еңбек көші-қоны - жеке тұлғалардың еңбек қызметін жүзеге асыру үшін басқа мемлекеттерден Қазақстан Республикасына және Қазақстан Республикасынан, сондай-ақ мемлекет ішінде уақытша қоныс ауыстыруы; 4) заңсыз көшіп келушілер - келу, кету, болу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік жүріп өту тәртібін реттейтін заңнаманы бұза отырып, Қазақстан Республикасына келген және онда болатын шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар; 5) көші-қон - жеке тұлғалардың бір мемлекеттен басқа мемлекетке, сондай-ақ мемлекет ішінде тұрақты немесе уақытша, ерікті немесе мәжбүрлі қоныс ауыстыруы; 6) көшіп келу - шетелдіктердің немесе азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына уақытша немесе тұрақты тұру үшін келуі; 7) көшіп келушілер - Қазақстан Республикасына уақытша немесе тұрақты тұруға келген шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар; 8) көшіп кету - Қазақстан Республикасы азаматтарының басқа мемлекетке тұрақты немесе уақытша тұру үшін кетуі; 9) көшіп кетушілер - Қазақстан Республикасының басқа мемлекетке тұрақты немесе уақытша тұру үшін көшіп кеткен азаматтары; 10) көшіп-қонушылар - Қазақстан Республикасына келген және Қазақстан Республикасынан кеткен, сондай-ақ себептеріне және уақытының ұзақтығына қарамастан Қазақстан Республикасының ішінде қоныс аударған адамдар; 11) оралмандар - Қазақстан Республикасы егемендік алған кезде оның шегінен тыс жерлерде тұрақты тұрған және Қазақстанға тұрақты тұру мақсатында келген ұлты қазақ шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар; 12) оралмандарды бейімдеу және кіріктіру орталығы - оралмандардың және олардың отбасылары мүшелерінің уақытша тұруына және оларға бейімделу қызметтерін көрсетуге арналған орын; 13) оралмандардың көшіп келу квотасы - Қазақстан Республикасының Президенті белгілейтін, осы Заңға сәйкес жеңілдіктермен, өтемақылармен және біржолғы жәрдемақылармен қамтамасыз етілетін оралмандар отбасыларының саны; 14) отбасымен көшіп келу - Қазақстан Республикасында тұрып жатқан өзінің отбасы мүшелерімен қосылу үшін отбасы мүшесінің және мүшелерінің Қазақстан Республикасына келуі; 15) уақытша орналастыру орталығы - өздерін оралмандар деп тану туралы өтініш берген адамдардың және олардың отбасылары мүшелерінің Қазақстан Республикасының аумағында уақытша болу орны; 16) ұжымдасып көшіп келу - Қазақстан Республикасына ұйымдасып қоныс аудару; 17) халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - өз құзыреті шегінде көші-қон процестерін реттеуді және халықтың көші-қоны саласындағы жұмысты үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган; 18) ішкі көші-қон - жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасының ішінде тұрақты немесе уақытша, сондай-ақ маусымдық қоныс ауыстыруы.»; «уәкілетті органның» деген сөздер «жергілікті атқарушы органдардың» деген сөздермен ауыстырылсын; орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді; 3) 9-бап мынадай редакцияда жазылсын: «9-бап. Оралмандардың көшіп келу квотасын белгілеу 1. Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан Республикасы Үкіметінің ұсынуы бойынша оралмандардың алдағы жылға және (немесе) перспективаға арналған көшіп келу квотасын белгілейді. 2. Қазақстан Республикасының Үкіметі оралмандардың көшіп келу квотасын уәкілетті органның және жергілікті атқарушы органдардың ұсыныстарын ескере отырып, облыстар (республикалық маңызы бар қала, астана) бойынша таратып бөледі.»; 4) 14-бап мынадай редакцияда жазылсын: «14-бап. Оралман мәртебесін беру және (немесе) оралмандардың көшіп келу квотасына енгізу 1. Оралман мәртебесін беру және (немесе) оралмандардың көшіп келу квотасына енгізу туралы өтінішті отбасының кәмелетке толған мүшелерінің бірі жеке өзі уәкілетті органның аумақтық органына береді. Жеке өзі жүгінуі мүмкін болмаған жағдайда өтініш беруші уәкілетті өкілге жүгінуге нотариалды расталған сенімхатты оралман мәртебесін беру және (немесе) оралмандардың көшіп келу квотасына енгізу туралы өтінішпен қоса береді. 2. Оралман мәртебесін беру және (немесе) оралманның отбасын оралмандардың көшіп келу квотасына енгізу туралы өтінішті қарауды, сондай-ақ осы мәселелер бойынша шешім қабылдауды уәкілетті органның аумақтық органы уәкілетті органның аумақтық органында тіркелген күнінен бастап екі ай ішінде жүзеге асырады. Оралман мәртебесін беру өтініш берушілер осы Заңның 1-бабының 11) тармақшасында белгіленген талаптарға сәйкес келген жағдайда жүзеге асырылады. Оралмандардың көшіп келу квотасына енгізу Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген критерийлерді ескере отырып және тәртіппен жүзеге асырылады. Оралмандардың көшіп келу квотасына оралман отбасының Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын мүшелері енгізілмейді. 3. Оралманға уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша куәлік беріледі. Оралманның куәлігі қатаң есептілік құжаты болып табылады және оның мәртебесін растау үшін негіздеме болады. 4. Оралман мәртебесі ол Қазақстан Республикасының азаматтығын алғаннан кейін тоқтатылады. 5. Уәкілетті органның аумақтық органдарының шешімдеріне уәкілетті органға және (немесе) сотқа Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағымдануға болады.»; 5) 15-бап мынадай редакцияда жазылсын: «15-бап. Оралмандардың, олардың отбасылары мүшелерінің құқықтары мен міндеттері 1. Оралмандардың және олардың отбасылары мүшелерінің жеңілдіктерді, өтемақыларды, біржолғы жәрдемақыларды, сондай-ақ жәрдемақылар мен атаулы көмектің Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген басқа да түрлерін алуға құқығы бар. Осы Заңның 29-4-бабында көзделген қосымша жеңілдіктерді, өтемақылар мен біржолғы жәрдемақыларды қоспағанда, жеңілдіктерді, өтемақыларды, жәрдемақыларды және атаулы көмектің басқа да түрлерін алу құқығы оралмандардың Қазақстан Республикасының азаматтығын алуына қарамастан, оралман мәртебесі берілген күннен бастап үш жыл бойы сақталады. 2. Оралмандар мен олардың отбасыларының мүшелері: 1) уәкілетті органның аумақтық органдарына оралман мәртебесін беру және (немесе) оралмандардың көшіп келу квотасына енгізу туралы өз өтініштерін қарау үшін қажетті отбасының барлық мүшелеріне дұрыс мәліметтерді табыс етуге; 2) денсаулық сақтау органдарының талап етуі бойынша медициналық тексеруден өтуге, екпелер қабылдауға, емделу курсынан өтуге, сондай-ақ денсаулық сақтау органдарының нұсқамаларын орындауға; 3) оралмандарды бейімдеу және кіріктіру орталығына жолдама алған кезде үш күннің ішінде сонда қоныстануға және оралмандарды бейімдеу және кіріктіру орталығында болудың белгіленген кезеңі аяқталғаннан кейін өздеріне берілген үй-жайды босатуға; 4) уақытша орналастыру орталығында және оралмандарды бейімдеу және кіріктіру орталығында болудың белгіленген тәртібін сақтауға міндетті.»; 6) мынадай мазмұндағы 15-1-баппен толықтырылсын: «15-1-бап. Оралмандарды бейімдеу және кіріктіру орталығы Оралмандарды бейімдеу және кіріктіру орталығы мемлекеттік мекеме нысанында құрылады. Оралмандар мен олардың отбасылары мүшелерінің оралмандарды бейімдеу және кіріктіру орталығында болуы және оларға бейімдеу қызметтерін көрсету тәртібі мен уақытын уәкілетті орган айқындайды.»; 7) 18-бапта орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді; 8) 27-бап мынадай редакцияда жазылсын: «27-бап. Оралман отбасының оралмандардың көшіп келу квотасына енгізілетін мүшелері Оралмандардың көшіп келу квотасына оралман отбасының мынадай бірге тұратын мүшелері енгізіледі: 1) жұбайы (зайыбы); 2) ата-анасы; 3) балалары (оның ішінде асырап алынған) және олардың отбасыларының мүшелері; 4) ата-анасы бір және ата-анасы бөлек, отбасылары жоқ аға-інілері мен әпке-қарындастары (сіңлілері).»; 9) 29-1-баптағы «Қазақстан Республикасының шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы заңнамасында» деген сөздер «Қазақстан Республикасының заңдарында» деген сөздермен ауыстырылсын; 10) 4-1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «4-1-тарау. Оралмандарға және олардың отбасыларының мүшелеріне берілетін жеңілдіктер, өтемақылар, біржолғы жәрдемақылар, сондай-ақ жәрдемақылар мен атаулы көмектің басқа да түрлері»; 11) 29-2-баптың бірінші абзацында «оралмандарға» деген сөзден кейін «және олардың отбасыларының мүшелеріне» деген сөздермен толықтырылсын»; 2-тармақ «оралмандарға» деген сөзден кейін «және олардың отбасыларының мүшелеріне» деген сөздермен толықтырылсын; 3-тармақ «Оралмандарға» деген сөзден кейін «және олардың отбасыларының мүшелеріне» деген сөздермен толықтырылсын; 13) 29-4-бап мынадай редакцияда жазылсын: «29-4-бап. Оралмандардың көшіп келу квотасы бойынша келген оралмандарға және олардың отбасыларының мүшелеріне берілетін қосымша жеңілдіктер, өтемақылар мен біржолғы жәрдемақылар Мемлекет оралмандардың көшіп келу квотасы бойынша келген оралмандар мен олардың отбасыларының мүшелеріне осы Заңның 29-2 және 29-3-баптарында көзделген жеңілдіктермен, өтемақылармен, жәрдемақылармен және атаулы көмектің басқа да түрлерімен қатар: 1) кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган: мүлікті шекара арқылы кеден төлемдерін алмай өткізуді; 2) уәкілетті орган: тұрақты тұратын жеріне жол жүру және мүлкін (оның ішінде малын) жеткізу жөніндегі шығыстарды өтеуді; тұрғын үй сатып алу үшін қаражат бөлуді; біржолғы жәрдемақылар төлеуді қамтамасыз етеді. Оралмандарға және олардың отбасыларының мүшелеріне тұрақты тұратын жеріне жол жүру және мүлкін (оның ішінде малын) жеткізу жөніндегі шығыстарды өтеу, тұрғын үй сатып алу үшін қаражат бөлу және біржолғы жәрдемақылар төлеу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.»;
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |