Пестицидтерді (улы химикаттарды) аэрозольдік және фумигациялық әдістермен (ҚР Үкіметінің 2005.22.06 № 613 Қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2007 ж. 19 шілдедегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуірдегі Заңына және "Өсімдіктерді қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 3 шілдедегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. ҚР Үкіметінің 2005.22.06 № 613 Қаулысымен алып тасталды (ресми жарияланғаннан кейiн он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізiледi) (бұр. ред. қара) 2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар енгізілсін: 1) "Жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым ставкаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 24 қаңтардағы № 100 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 5, 30-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым ставкаларында: 1-тараудың 4-тармағы мынадай мазмұндағы 40) тармақшамен толықтырылсын: "40) пестицидтерді (улы химикаттарды) аэрозольдік және фумигациялық әдістермен қолдану жөніндегі қызмет 10"; 2) "Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 17 сәуірдегі № 2201 қаулысын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1894 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., № 41, 515-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген лицензиялауға жататын қызметтің түрлеріне лицензия беруге өкілеттік берілген мемлекеттік органдардың (лицензиярлардың) тізбесінде: реттік нөмірі 26-жол, 3-баған мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын; "пестицидтерді (улы химикаттарды) аэрозольдік және фумигациялық әдістермен қолдану жөніндегі қызмет"; көрсетілген қаулымен бекітілген санитарлық, экологиялық және тау-кен техникалық қадағалау органдарының, сондай-ақ мемэнергияқадағалау органының қорытындысы қажет лицензияланатын жұмыстар мен қызметтер түрлерінің тізімінде: "Санитарлық қадағалау органдарының қорытындысы қажет лицензияланатын жұмыстар мен қызметтер түрлерінің тізімі" деген І бөлім мынадай мазмұндағы 25-2-тармақпен толықтырылсын: "25-2. Пестицидтерді (улы химикаттарды) аэрозольдік және фумигациялық әдістермен қолдану жөніндегі қызмет"; "Экологиялық қадағалау органдарының қорытындысы қажет лицензиялайтын жұмыстар мен қызмет түрлерінің тізімі" деген ІІ бөлім мынадай мазмұндағы 21-2-тармақпен толықтырылсын: "21-2. Пестицидтерді (улы химикаттарды) аэрозольдік және фумигациялық әдістермен қолдану жөніндегі қызмет". 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялануға тиіс. Қазақстан Республикасының
ҚР Үкіметінің 2005.22.06 № 613 Қаулысымен біліктілік талаптары алып тасталды (ресми жарияланғаннан кейiн он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізiледi) (бұр. ред. қара)
|