Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiне лицензиялау мәселелерi (2007.06.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2007 ж. 19 шілдедегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне лицензиялау мәселелерi бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 15 сәуірдегі Заңын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер енгізiлсiн: 1) «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1894 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., № 41, 515-құжат): көрсетiлген қаулымен бекітілген лицензиялауға жататын қызметтiң түрлерiне лицензиялар беруге өкiлеттiк берiлген мемлекеттік органдардың (лицензиарлардың) тiзбесiнде: реттiк нөмiрi 13-жолдағы 3-бағандағы «мен жерге орналастыру топография-геодезиялық және картографиялық өнiмдердi сату» деген сөздер алынып тасталсын; 2) ҚР Үкіметінің 2007.06.07. № 574 қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 3) "Жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алым ставкаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 24 қаңтардағы № 100 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 5, 30-құжат): көрсетiлген қаулымен бекітілген Жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алым ставкаларында: "Жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялар беру кезiнде алынатын лицензиялық алым ставкалары" деген тарауда: 4-тармақтың 21) тармақшасының 1-бағанындағы "мен топографиялық-геодезиялық және картографиялық өнiмдердi өткізу" деген сөздер алынып тасталсын. 2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
|