Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2000 жылғы 7 маусымдағы № 867 және
Осы редакция 2007 ж. 19 шілдедегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне лицензиялау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 15 сәуірдегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін: 1) «Өлшем құралдарын тексеру, шығару және жөндеу жөніндегі қызметті лицензиялау кезіндегі біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 7 маусымдағы № 867 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 26, 302-құжат): тақырыбында «тексеру,» деген сөз алынып тасталсын; 1-тармақтың екінші абзацы алынып тасталсын; 2) «Жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым ставкаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 24 қаңтардағы № 100 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 5, 30-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым ставкаларында: 4-тармақтың 25) тармақшасында «салыстырып тексеру,» деген сөз алынып тасталсын. 2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|