|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 10 ақпандағы № 145 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі мемлекеттік кәсіпорындарды, акционерлік қоғамдарды және олардағы мемлекеттік қатысу үлестерінің мөлшері қатысушылардың жалпы жиналысының шешімін анықтауға мемлекетке мүмкіндік беретін жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді оңтайландыру мақсатымен олардың әкімшілік шығыстарының мониторингін жүргізу тетігін анықтау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 10 ақпандағы № 145 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 7, 73-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін: 1-тармақтың 3) тармақшасының екінші абзацындағы «тиістілік нормативіне ұқсас» деген сөздерден кейін «әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардан басқа,» деген сөздермен толықтырылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |