|
|
|
Орман қоры жерінің жекелеген учаскесін басқа санаттағы жерге ауыстыру туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 130-бабына және Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің 51-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қарағанды облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы «Қарағанды ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі шаруашылығы» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі Қарағанды орман мекемесі) орман қоры жерінен алаңы 60 гектар жер учаскесі (бұдан әрі жер учаскесі) өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және өзге де ауыл шаруашылығы емес мақсаттағы жерлер санатына ауыстырылсын. 2. Қарағанды облысының әкімі заңнамада белгіленген тәртіппен жер учаскесін металдық кремний өндіру бойынша металлургия зауытын салуға «Silicium Kazakhstan» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне (бұдан әрі серіктестік) беруді қамтамасыз етсін. 3. Серіктестік қолданыстағы заңнамаға сәйкес орман алқаптарын орман шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттарда пайдалану үшін оларды алып қоюдан туындаған орман шаруашылығы өндірісінің шығындарын республикалық бюджеттің кірісіне өтесін және жер учаскесіндегі жас ағаштарды Қарағанды орман мекемесінің орман қоры жерінің аумағына қайта отырғызуды қамтамасыз етсін. 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |