Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Төрағасының кейбір бұйрықтарына электрондық мониторинг мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ҚР Қаржы министрінің 2008 жылгы 25 желтоқсандағы № 611 бұйрығымен күші жойылды
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексін (Салық кодексі) іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 1. «Электрондық мониторингке жататын салық төлеушілердің салық есептілігін жасау және табыс ету ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитеті Төрағасының 2004 жылғы 9 сәуірдегі № 165 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2822 болып тіркелген) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін: 1) Екінші деңгейдегі банктерді, жинақтаушы зейнетақы қорларын, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар мен заңды тұлғаларды қоспағанда, электрондық мониторингке жататын салық төлеушілердің салық есептілігін жасау және табыс ету ережелерінде: 3-тармақтың бірінші абзацы мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын: «Электрондық мониторинг бойынша салық есептілігі шоғырландырылған табыс етіледі.»; 10-тармақтың 4) тармақшасындағы «.» белгі «;» белгімен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын: «5) салық есептілігі нысанының түрі. Салық есептілігі нысанының түріне қарай тиісті торкөзге белгі қойылады. «Негізгі» ұяшығы алғашқы және одан кейінгі салық есептілігінің нысандары табыс етілгенде белгіленеді. «Түзетуші» ұяшығы бұрын табыс етілген салық есептілігінің нысандарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген кезде белгіленеді. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|