Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 15 қазандағы № 1054 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 4 қазандағы № 898 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 30 маусымдағы № 674 Қаулысымен күші жойылды
Отандық автомобиль өнеркәсібін дамыту үшін инвестицияларды қосымша тарту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Тауарларды жеткілікті дәрежеде қайта өңдеу өлшемдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 15 қазандағы № 1054 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 42, 440-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тауарларды жеткілікті дәрежеде қайта өңдеу өлшемдеріндегі мына жолдар:
«8703 ** | Жеңіл автомобильдер және негізінен адамдарды тасымалдауға арналған өзге де моторлы көлік құралдары (8702 тауар позициясындағы моторлы көлік құралдарынан басқа), жүк-жолаушы фургон автомобильдерді және жарыс автомобильдерін қоса алғанда | Дайындау, ол кезде пайдаланылатын тораптар мен детальдардың құны алғашқы жылы осы тауар түрін дайындау басталатын күннен бастап түпкілікті өнім бағасының 90 пайызы- нан аспауы тиіс; екінші жылы - түпкілікті өнім бағасының 85 пайызы; үшінші жылы - түпкілікті өнім бағасының 80 пайызы; төртінші жылы - түпкілікті өнім бағасының 70 пайызы; бесінші жылы - түпкілікті өнім бағасының 60 пайызы; алтыншы жылы - түпкілікті өнім бағасының 50 пайызы, сондай-ақ автомобиль көлігі құралдарын дайындау үшін пайдаланылатын жеке- леген жинақтаушы элементтердің ең аз тізбесінің мыналарды қамтуы шартымен дайындау кезінде: жинақтағы қорап (дайындау басталатын күннен бастап төртінші және кейінгі жылдары дәнекерлеу және сырлау жөніндегі техноло- гиялық операцияларды орындаумен толықтай бөлшектелген қорап қолда- нылады); трансмиссиялары бар қозғалтқыш; радиатор; қозғалатын жиынтықтағы доңғалақ; алдыңғы жартылай осьтер (алдыңғы аспа); артқы аспа; аккумулятор; алдыңғы және артқы аспа- лардың амортизаторлары; қақпақша жүйелер; бекіткіш детальдардың жиынтығы. |
8706 - 8708** | 8701-8705 тауар позицияла- рындағы моторлы көлік құралдары үшін орнатылған двигательдері бар шасси; 8701-8705 тауар позиция- ларындағы моторлы көлік құралдары үшін қораптар (кабинаны қоса алғанда); 8701-8705 позицияларындағы тауар моторлы көлік құралдарының бөліктері мен керек-жарақтары; | Дайындау, ол кезде пайдаланылатын тораптар мен детальдардың құны алғашқы жылы осы тауар түрін дайындау басталатын күннен бастап түпкілікті өнім бағасының 90 пайызынан аспауы тиіс; екінші жылы - түпкілікті өнім бағасының 85 пайызы; үшінші жылы - түпкілікті өнім бағасының 80 пайызы; төртінші жылы - түпкілікті өнім бағасының 70 пайызы; бесінші жылы - түпкілікті өнім бағасының 60 пайызы; алтыншы жылы - түпкілікті өнім бағасының 50 пайызы » |
деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«8703 ** | Жеңіл автомобильдер және негізінен адамдарды тасымалдауға арналған өзге де моторлы көлік құралдары (8702 тауар позициясындағы моторлы көлік құралдарынан басқа), жүк-жолаушы фургон автомобильдерді және жарыс автомобильдерін қоса алғанда | 1. Жылдық көлемі 25000 данаға дейін тауардың әрбір моделін шығару кезінде - дайындау, ол кезде кезең-кезеңмен қайта өңдеуге ұшырайтын пайдала- нылатын тораптар мен детальдар соңғы рет өңдеу- ге/қайта өңдеуге ұшыраған (кумулятивті қағидат), сондай-ақ автомобиль көлігі құралдарын дайындау үшін пайдаланылатын жекелеген жинақтаушы элементтердің ең аз тізбе- сінің мыналарды қамтуы шартымен дайындау кезінде: жинақтағы қорап; трансмис- сиясы бар қозғалтқыш; қозғалатын жиынтықтағы доңғалақтар; артқы аспа; аккумулятор; қақпақша жүйесі; рульдік доңғалақ; ауа сүзгісі; шыны тазартқыштар; бекіткіш детальдар жиынтығы; сондай-ақ: артқы мост; қозғалтқышта қорғау; қауіпсіздік жастығының модулі (егер бұл элемент- тер көлік құралының конструкциясында көзделген болса). 2. Жылдық көлемі 25000 данадан астам тауардың әрбір моделін шығару кезінде - дайындау, ол кезде пайдаланылатын тораптар мен детальдардың құны түпкі өнім бағасының 70 пайызынан аспауы тиіс, сондай-ақ мына технология- лық операцияларды орындау шартымен: қорапты (кабинаны) дәнекерлеу және сырлау; қозғалтқышты орнату және бекіту, қозғалтқышқа басқару тетіктерін қосу; радиаторларды орнату және салқындату жүйелерін қосу; трансмиссияны орнату және қосу; алдыңғы және артқы аспаларды орнату; рульдік басқаруды орнату және қосу; газдарды шығару жүйесін орнату; сыртқы жарық аспаптарын орнату және қосу; жанармай багын орнату және жанармай өткізгішті қосу; шанақ электр тізбелерін тексере отырып, аккумулятор батареяларын орнату және қосу; жүру доңғалақтарын орнату; тежегіш және салқындату сұйықтықтарын толтыру; табличкаға және автомоби- льге сәйкестендіру нөмірін жазу; қозғалтқыштық диагностикасы; тежегіш жүйесінің тиімділігін тексеру. |
8706 - 8708** | 8701-8705 тауар позиция- ларындағы моторлы көлік құралдары үшін орнатылған қозғалтқыштары бар шасси; 8701-8705 тауар позиция- ларындағы моторлы көлік құралдары үшін қораптар (кабинаны қоса алғанда); 8701-8705 тауар позиция- ларындағы моторлы көлік құралдарының бөліктері мен керек-жарақтары | Дайындау, ол кезде пайдаланылатын тораптар мен детальдардың құны алғашқы жылы осы тауар түрін дайындау басталатын күннен бастап түпкілікті өнім бағасының 90 пайызынан аспауы тиіс; екінші жылы - түпкілікті өнім бағасының 85 пайызы; үшінші жылы - түпкілікті өнім бағасының 80 пайызы; төртінші жылы - түпкілікті өнім бағасының 75 пайызы; бесінші жылы - түпкілікті өнім бағасының 70 пайызы ». |
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |