|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 24 қаңтардағы № 49 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 19 ақпандағы № 162 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Қазақстан Республикасында шөлейттенуге қарсы күрес жөніндегі 2005-2015 жылдарға арналған бағдарлама туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 24 қаңтардағы № 49 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін: Қазақстан Республикасында шөлейттенуге қарсы күрес жөніндегі 2005-2015 жылдарға арналған бағдарламада: «Қазақстан Республикасында шөлейттенуге қарсы күрес жөніндегі 2005-2015 жылдарға арналған бағдарламаны іске асыру бойынша 2005-2007 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары» деген 8-бөлімде: «Жергілікті мемлекеттік органдардың, жер пайдаланушылардың, шаруашылық жүргізуші субъектілердің және үкіметтік емес ұйымдардың қызметін үйлестіру» деген 5-кіші бөлімде: реттік нөмірі 5.5-жолдың 5-бағанында «2007 жылдың ақпаны» деген сөздер «2008 жылдың ақпаны» деген сөздермен ауыстырылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |