Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы ұжымдық
2008 жылғы 24 қазандағы № 75-IV ҚР Заңымен ратификацияланды
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына (бұдан әрі - Ұйым, ҰҚШҰ) мүше мемлекеттер, ұжымдық қауіпсіздіктің жүйесін одан әрі қалыптастыру жөніндегі күш-жігерді біріктіру қажеттілігіне сүйене отырып, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің күштері мен құралдарын басқару жүйесін (бұдан әрі - ҰҚШҰ күштері мен құралдарын басқару жүйесі) құру мақсатында, төмендегілер туралы келісті:
1-бап
Тараптар ҰҚШҰ күштері мен құралдарын басқару жүйесін құрады. ҰҚШҰ күштері мен құралдарын басқару жүйесі Тараптардың ұлттық және ұжымдық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүдделерінде әскерлердің (күштердің) коалициялық (өңірлік) топтамасын басқарудың ұйымдық-техникалық негізін құрайтын өздері арасында функционалды түрде өзара байланысты басқару органдарының, басқару пункттері мен басқару құралдарының (байланыс жүйелерінің, автоматтандырылған басқару жүйелерінің, сондай-ақ арнайы жүйелердің) жиынтығын қамтиды. ҰҚШҰ күштері мен құралдарын басқару жүйесі қорғаныс кеңістігінің бірлігін, жедел жабдықтау мен ұжымдық қауіпсіздік өңірлерінің (аудандарының) инфрақұрылымын ескере отырып, ұжымдық қауіпсіздік өңірлеріндегі (аудандарындағы) Тараптардың басқару жүйелерінің элементтерінде орналасады.
2-бап
Осы Келісімнің мақсаттары үшін қолданылатын терминдер мынаны білдіреді: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|