|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 желтоқсандағы № 1344 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Республикалық меншіктегі су шаруашылығы құрылыстарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 желтоқсандағы № 1344 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 49, 638-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық меншіктегі су шаруашылығы құрылыстарының тізбесінде: «Мынадай су объектілерінде орналасқан су шаруашылығы құрылыстары (бөгеттер, су тораптары, басқа да гидротехникалық құрылыстар)» деген І-бөлімде: 1) тармақшадағы «Вячеслав» деген сөз «Астана» деген сөзбен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 64), 65), 66) тармақшалармен толықтырылсын: «64) Шабақты өзеніндегі Ынталы су қоймасы; 65) Күрті өзеніндегі Күрті су қоймасы; 66) Чаглинка өзеніндегі Чаглинка су қоймасы.»; «Мынадай су шаруашылығы құрылыстары» деген 2-бөлімде мынадай мазмұндағы 99), 100), 101), 102), 103), 104), 105), 106), 107), 108), 109), 110), 111) тармақшалармен толықтырылсын: «99) Солтүстік Арал теңізінің су тартқыш бөгеті; 100) Белая өзеніндегі су тартқыш бөгеті; 101) Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығының су тораптары; 102) Краснобор су қоймасы; 103) Шымбұлақ бөгеті; 104) Сол жағалау және Оң жағалау магистральды каналдарымен Тасқұтан су тартқыш бөгеті; 105) Құрақсу бөгеті; 106) Кобяково - Забурунье каналының бас бөлігіндегі бөгет; 107) Тоғыс су қоймасының қосымша су беретін Сол жағалау каналы; 108) Бөген су қоймасының қосымша су беретін Арыс каналы; 109) Базарбай магистральды каналы; 110) Раис магистральды каналы; 111) Қож магистральды каналы.»; «Топтық су құбырлары» деген 3-бөлім мынадай мазмұндағы 22), 23) тармақшалармен толықтырылсын: «22) Іле ауданындағы Бозой топтық су құбыры; 23) Еңбекшіқазақ ауданындағы Түрген топтық су құбыры.». 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |