|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 29 сәуірдегі № 343 және 2006 жылғы 25 тамыздағы № 817 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы (2011.25.08. берілген өзгерістермен)
ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 25 шілдедегі № 439 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1) «Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық кесімдерінің мемлекеттік тізілімін, нормативтік құқықтық кесімдерінің эталондық бақылау банкін жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 29 сәуірдегі № 343 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 15, 149-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық кесімдерінің мемлекеттік тізілімін, нормативтік құқықтық кесімдерінің эталондық бақылау банкін жүргізу ережесінде: 4-тармақтың тоғызыншы абзацында «орталық мемлекеттік органдар ведомстволары басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтары;» деген сөздер алынып тасталсын; 5-тармақтың үшінші абзацында «, олардың ведомстволарының» деген сөздер алынып тасталсын; 2) ҚР Үкіметінің 2011.25.08. № 964 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |