|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 17 сәуірдегі № 289 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2013.30.04. № 417 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Мамандығы бойынша жұмысқа кірген кезде бүкіл жұмыс кезеңінде Қазақстан Республикасының азаматтарын әскери қызметке шақыру кейінге қалдырылатын ұйымдардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 17 сәуірдегі № 289 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 14, 128-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген мамандығы бойынша жұмысқа кірген кезде бүкіл жұмыс кезеңінде Қазақстан Республикасының азаматтарын әскери қызметке шақыру кейінге қалдырылатын ұйымдардың тізбесінде: 6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «6) ғарыш саласында, оның ішінде «Байқоңыр» кешенінде мынадай біліктіліктер бойынша: инженер (барлық атаулардағы); лаборант (барлық атаулардағы); шебер (барлық атаулардағы); машинист (барлық атаулардағы); механик (барлық атаулардағы); монтажник (барлық атаулардағы); оператор (барлық атаулардағы); слесарь (барлық атаулардағы); техник (барлық атаулардағы).». 2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |