|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 16 шілдедегі № 784 және 2002 жылғы 11 қыркүйектегі № 993 қаулыларына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы (2023.27.12. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін: 1) ҚР Үкіметінің 2023.27.12. № 1195 Қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара) 2) «Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қыркүйектегі № 993 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 2, 327-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі туралы ережеде: 18-тармақтың екінші абзацындағы «Үкіметінің қаулыларымен» деген сөздер «Премьер-Министрінің өкімдерімен» деген сөздермен ауыстырылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |