|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 ақпандағы № 78 және 2007 жылғы 20 сәуірдегі
Қазақстан Республикасың Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін: 1) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2007 жылға арналған жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 ақпандағы № 78 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 3, 37-құжат): осы қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2007 жылға арналған жоспарында: реттік нөмірі 21-жолдағы 6-бағанда «Қараша» деген сөз «Желтоқсан» деген сөзбен ауыстырылсын; 2) «Мемлекет басшысының 2005-2007 жылдардағы Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларын іске асыру жөніндегі негізгі бағыттардың (іс-шаралардың) жалпыұлттық жоспарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 сәуірдегі № 319 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 12, 140-құжат): осы қаулымен бекітілген Мемлекет басшысының 2005-2007 жылдардағы Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларын іске асыру жөніндегі негізгі бағыттардың (іс-шаралардың) жалпыұлттық жоспарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарында: реттік нөмірі 52-жолдағы, 3-бағанда «қараша» деген сөз «желтоқсан» деген сөзбен ауыстырылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |