Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 19 шілдедегі № 687 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 1346 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 19 маусымдағы № 940 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасында өлім жазасының күшін жою туралы мәселені зерделеу жөнінде комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 19 шілдедегі № 687 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 27, 281-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) көрсетілген қаулыға қосымшада:
Қазақстан Республикасында өлім жазасының күшін жою туралы мәселені зерделеу жөніндегі комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:
Құсдәулетов Дулат Рашитұлы | - Қазақстан Республикасының Әділет вице-министрі, төрайымның орынбасары |
Юрченко Раиса Николаевна | - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Қылмыстық істер жөніндегі алқасының судьясы (келісім бойынша) |
Әшітов Батыржан Зайырханұлы | - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Заң департаментінің бастығы |
Дандыбаев Тимур Тұрарұлы | - Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери полициясы бас басқарма бастығының орынбасары |
Иванета Добичина | - «Қазақстан Республикасындағы Фридом Хаус, Инк.» Өкілдігінің өкілі (келісім бойынша) |
Тарабаева Ольга Михайловна | - «Қазақстандық криминологиялық қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры (келісім бойынша) |
Тұрмағамбетова Жеміс Өтегенқызы | - «Адам құқықтары үшін хартиясы» қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры (келісім бойынша) |
мына:
Турецкий Николай Николаевич | - «Қазақстандық криминологиялық қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры |
Әзімова Эльвира Әбілқасымқызы | - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Халықаралық құқық және мемлекеттің мүліктік құқықтарын қорғау департаментінің директоры» |
деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
Турецкий Николай Николаевич | - Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша) |
Әзімова Эльвира Әбілқасымқызы | - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Халықаралық құқық және мемлекеттің мүліктік құқықтарын қорғау департаментінің директоры, хатшы» |
көрсетілген құрамнан Құсетов Сұлтан Тұрлыұлы, Тезекбаев Ерік Асылбекұлы шығарылсын;
2) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында өлім жазасының күшін жою туралы мәселені зерделеу жөніндегі комиссия туралы ережеде:
11-тармақтың бірінші абзацындағы «қажеттілігіне қарай, бірақ жарты жылда кемінде бір рет» деген сөздер «күнтізбелік жылдың әрбір айының әрбір екінші жұмасында, қажеттілігіне қарай Комиссия төрағасы белгілейтін өзге де күндері» деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |