Дайындау, ол кезде пайдаланылатын тораптар мен бөлшектердің құны алғашқы жылы осы тауар түрін дайындау басталатын күннен бастап, түпкілікті өнім бағасының 95 пайызынан аспауы тиіс; екінші жылы - түпкілікті өнім бағасының 90 пайызы; үшінші жылы - түпкілікті өнім бағасының 85 пайызы; төртінші жылы - түпкілікті өнім бағасының 80 пайызы; бесінші жылы - түпкілікті өнім бағасының 75 пайызы; алтыншы жылы - түпкілікті өнім бағасының 70 пайызы, сондай-ақ мынадай технологиялық операцияларды орындау шартымен: тепловоз арбасының қаңқасын дайындау, жинақтау, құрастыру; бастапқы және екінші аспаларды дайындау, жинақтау, құрастыру және оларды арбаларға орнату; тежегіш жабдығын дайындау, жинақтау, құрастыру және орнату; тепловоз қаңқасының соңғы бөліктерін, шеткі пластинасын, автоқармау ұясын дайындау және құрастыру; шкворлық торапты, қорапты қима белдікті дайындау және құрастыру; тепловоз қаңқасының орталық бөлігі мен отын багын дайындау және құрастыру, отын багын тұмшалыққа сынау және тепловоздың орталық бөлігін отын багымен және тепловоздың екі соңғы бөлігімен біріктіру; қар тазалағышты, сатыларды, ұстағыштарды дайындау, құрастыру, орнату; автоқармау орнату; құбыржолдар, кәбіл өткізгіштер, ауа арнасын, аккумулятор жәшігін дайындау, құрастыру және орнату; машинист кабинасын, машинистің және машинист көмекшісінің пультін дайындау, құрастыру орнату; есіктерді, жалюздерді, еден төсемін дайындау, құрастыру, орнату; дизель қуысжайларын, генератор және салқындату желдеткішінің қуысжайларын дайындау, құрастыру, орнату; түрлендіргіш және жоғары вольтті жабдықтар қуысжайларын дайындау, құрастыру, орнату; ауа, қосымша, радиатор қуысжайларын, динамикалық тежегіш қуысжайын дайындау, құрастыру, орнату; ұлғайтқыш багын дайындау, құрастыру, орнату; тепловоздың осін және доңғалақ жұптарын өңдеу; доңғалақ-мотор блоктарын құрастыру; арба құрастыру; арбаны тепловоз қаңқасына енгізу; тепловоз қаңқасын геометрияға тексеру; ауа резервуарларын орнату; кабинада дисплей, қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесін орнату, тоңазытқыш, кондиционер орнату; машинист крандарын орнату; электронды жабдықтарды, басқару тосқаулын орнату; жылу, желдеткіш, салқындатқыш жүйелерін орнату; өрт сөндіргіштерді, дәретхана, машинист креслосын орнату; жарықтандыру аспаптарын, радиатордың үстіне қорғау экрандарын орнату; ауа компрессорларын, желдеткіштерін, отын, май, ауа сүзгілерін орнату; радиатор, майлы жылу ауыстырғыш орнату; басқару панелдерін, диффузорларды, резисторларды, электронды жабдықтарды орнату; оқшаулағыштарды, кәбілдерді орнату; отын шлангасын, құбыржолдарды, отын сорғыларын орнату; өрт сөндіру жүйесін құрастыру және орнату; желдеткіштің, салқындату желдеткіштерінің, түрлендіргіштің, сүзгілердің тірегін орнату; тепловоз қаңқасына дизел-генераторды біріктіру және орнату; аккумулятор батареяларын орнату; электр шынжырларын және басқару, қоректендіру, тежеу схемаларын құрастыру және тексеру; қауіпсіздік құралдарын орнату; тепловоздың тораптарын, агрегаттарын және жол жабдықтарын сырлау; тепловозды отынмен, маймен, сумен, құммен жабдықтау; тепловозды сынау |