Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігі (акушерлік-гинекологиялық саладағы стационарлар үшін)
Алматы 2007 ж.
Түсік түсірудің (аборттың) басқа түрлері
1. Түсік түсірудің (аборттың) басқа түрлері 2. Хаттама коды: H-O-003 3. АХЖ-10 бойынша коды (кодтары): O05 Аборттың басқа түрлері 4. Анықтамасы: Заңсыз аборт - мұндай араласуға рұқсаты жоқ, көбінесе санитарлық-эпидемиологиялық норманы сақтамайтын мекемелерде жүктілікті үзу. 5. Жіктемесі: жоқ 6. Госпитализациялау үшін көрсетімдер: шұғыл 7. Диагностика критерилері: 1. Жүктілікті анықтау (науқастың қанынан немесе зәрінен хороникалық гонадотриннің құрамына зертеу жүргізу); 2. Жатырдың қуысында ұрық жұмыртқасы тіндерінің қалдықтарының бар немесе жоқ екенін анықтау (УДЗ); 3. Жыныс жолдарынан әр түрлі қарқында қанды бөліністер болуы мүмкін; 4. Әр түрлі қарқында іріңді-қабыну үрдістері болуы мүмкін; 5. Заңсыз аборт асқынуының клиникалық көріністері. 8. Негізгі диагностикалық шаралар тізімі: 1. Жүктілік мерзімін етеккірдің тоқтауының бірінші күнінен бастап анықтау; 2. Науқастың қан сарысуындағы немесе зәріндегі хороникалық гонадотриннің құрамын анықтау; 3. Науқастың Қан тобы мен Rh - факторын анықтау; 4. Жатыр мен жатыр мойынын іншекішілік қондырғымен УДЗ жасау; 5. Қанның жалпы анализі (гемоглобин, гематокрит, лейкоциттер, лейкоциттік формула); 6. Коагулограмма; 7. АИТВ - на (ВИЧ) қанды зерттеу; 8. Мерезге қанды тексеру; 9. Зәрдің жалпы анализі; 10. Тазалық деңгейіне жағынды алу Қосымша диагностикалық шаралар тізімі: 1. ЭКГ; 2. Анестезиологтың консультациясы; 3. HbsAg Анти HCV Госпитализациялау алдындағы қажетті зерттеулер: Патологияның шұғыл сипатын ескерсек, науқасты алдын ала тексеру қажет емес. Кешенді тексеру тізімге сәйкес стационарда жедел көмекпен қатар бір мезгілде қатар жүргізіледі. 9. Емдеу тактикасы: Емдеу тактикасын қабылдамай тұрып клиникалық мәліметтер негізінде науқастың гестациялық жасын және УДЗ нәтижелерін дәл анықтап алу керек (соңғы етеккірдің тоқтауының бірінші күнінен бастап). Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|