Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (педиатриялық саладағы стационарлар үшін)
Алматы 2007 ж.
Балалардағы генерализацияланған эпилепсия, жіті кезең
1. Балалардағы генерализацияланған эпилепсия, жіті кезең 2. Хаттама коды: H-P-003 3. АХЖ-10 бойынша коды (кодтары): G40.3 Генерализацияланған идиопатикалық эпилепсия және эпилептикалық синдромдар G40.4 Генерализацияланған эпилепсия мен эпилептикалық синдромдардың басқа түрлері G40.5 Ерекше эпилептикалық синдромдар G40.6 Айқындалмаған grand mal талмалары ((petit mal) қысқа талмаларымен немесе оларсыз G40.7 Айқындалмаған (petit mal) қысқа талмалар, grand mal талмаларсыз G40.8 Эпилепсияның басқа айқындалған түрлері G40.9 Айқындалмаған эпилепсия 4. Анықтамасы: Генерализацияланған эпилепсия (ГЭ) - мидың қос жартышарында нейрондардың шамадан тыс ыдырауынан пайда болатын қозғалыс, сезу, вегетативтік, ойлау және психикалық қызметтің бұзылуымен қайталанатын ұстамалармен сипаттталатын мидың созылмалы ауруы. ГЭ -электро-клиникалық ерекшеліктерінің жеке түрлерімен, емдеу және болжам ыңғайын көрсететін біртұтас ауру болып табылады. 5. Жктемесі: 1989 ж. Халықаралық жіктемеге сәйкес (Эпилепсиямен күрес Халықаралық лигасы) генерализацияланған эпилепсия негізіне эпилептикалық белсенділіктің генерализациялануы жатқызылған. ГЭ -да мынандай түрлерін белгілейді: идиопатикалық, симптоматикалық және криптогендік. 1. Эпилепсияның генерализацияланған түрлері мен синдромдары: 1.1. идиопатикалық (жасқа тәуелді дебютпен), АХЖ-10 G40.3: - отбасылық қатерсіз неонаталдық тырыспалар; - қатерсіз идиопатикалық неонаталдық тырыспалар; - ерте жастағы қатерсіз миоклоникалық эпилепсия; - балалардың абсанстық эпилепсия (АХЖ-10 G40.3.); - ювенилдік (жасөспірімдердің) абсансты эпилепсия; - ювенилдік миоклоникалық эпилепсия; - ояну талмасы бар эпилепсия; - идиопатикалық генерализацияланған эпилепсия түрлері (АХЖ-10 G40.4.); - спецификалық (телімді) факторлардан пайда болатын талмасы бар эпилепсия; 1.2. Криптогендік және (немесе) симптоматикалық (жасқа тәуелді дебютпен), АХЖ-10 G40.5: - Веста синдромы (инфантильные спазмы); - Леннокса-Гасто синдромы; - миоклоникалық-астатикалық талмалары бар эпилепсия; - миоклоническалық абсанстары бар эпилепсия; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|