Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (педиатриялық саладағы стационарлар үшін)
Алматы 2007 ж.
Балалардың церебралдық параличі (салдануы)
1. Балалардың церебралдық параличі (салдануы) 2. Хаттама коды: H-P-005 3. АХЖ-10 бойынша коды (кодтары): G80 Балалардағы ми салдануы G80.1 Спастикалық диплегия G80.2 Балалар гемиплегиясы G80.3Дискинетикалық ми салдануы G80.4 Атаксикалық ми салдануы G80.9 Балалардағы айқындалмаған ми салдануы G81 Гемиплегия G82 Параплегия мен тетраплегия G83 Басқа салдану синдромдары 4. Анықтамасы: Балалардың церебралдық параличі - туылғанға дейінгі, туу кезінде және ерте неонатальды кезеңде мидың зақымдалуынан пайда болатын, клиникалық тұрғыдан қимылдау бұзылыстарының (шала салдану, салдану, гиперкинездер, қимыл-қозғалыстың бұзылуы) көрінуімен, психика, сөйлеу, көру, естудің өзгеруі, құрысқақтық және құрысқақсыз талмалармен қатар келген полиэтиологиялық ауру. БЦП - қозғалыс қызметі мен дене қалпының бұзылуы, ол статистикалық ақау мен жетілмеген мидың зақымдалуымен негізделген. (Palmer, Hoon ,1995) 5. Жіктемесі: Л.О.Бадалян (1988) мынандай топтарға бөледі: Емшек жасындағы БЦП: 1. спастикалық түрлер- гемиплегия, диплегия, екі жақты гемиплегия; 2. дистониялық; 3. гипотониялық түрі. Ересек жастағы БЦП: 1. спастикалық түрлер- гемиплегия, диплегия, екі жақты гемиплегия; 2. гиперкинетикалық түр; 3. атактикалық түр; 4. атоникалық-астатикалық түр; 5. аралас түрлері (спастикалық-атактикалық, спастикалық-гиперкинетикалық, атактикалық- гиперкинетикалық). К.А.Семенова сатысы бойынша (1990) төмендегілерді белгілейді: 1. ерте саты (4 айға дейін); 2. бастапқы созылмалы-резидуалдық сатылар (5-6 айдан 3-4 жасқа дейін); 3. кеш резидуалды (3 жастан кейін). 6. Госпитализациялау үшін көрсетімдер: 1. дифференциалдық Диагностика; 2. баланың психомоторлық және сөйлеу қабілетінің дамуының кешігуі; 3. қозғалу белсенділігінің нашарлауы; 4. тырыспалар. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|