Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (педиатриялық саладағы стационарлар үшін)
Алматы 2007 ж.
Балалардың жіті миокардиті
1. Балалардың жіті миокардиті 2. Хаттама коды: H-P-010 3. АХЖ-10 бойынша коды (кодтары): I40 жіті миокардит I09.0 Ревматикалық миокардит I09.2 Созылмалы ревматикалық перикардит 4. Анықтамасы: Жіті миокардит - миокард ауруы оның негізінде өліттенумен және/немесе миоциттердің дегенерациясымен қабынулық инфильтрация жатыр, ол клиникалық көріністердің ең аздан фатальдыға дейін кең спектрмен көрінеді. 5. Жіктемесі: Аурудың пайда болу кезеңі: -Туа біткен: ерте және кеш; -Жүре пайда болған. Этиологиялық фактор: -вирусты; -вирусты-бактериалды; -бактериалды; -паразитарлы; -саңырауқұлақты; -аллергиялық; - идиопатиялық. Түрі (процестің шоғырланудың басымдығы бойынша): - миокардит; - жүректің өткізу жүйесінің зақымдануымен. Ағымы: -жіті; -жітілеу; -созылмалы. Кардиттің ауырлығы: - жеңіл; -орташа ауырлықты; -ауыр. Жүрек жеткіліксіздігінің түрі мен сатысы. - сол жақ қарыншалы I, IIА, IIБ, III; - оң жақ қарыншалы I, IIА, IIБ, III; - тоталды IIБ, III. Аяқталуы мен асқынуы: - айығу; -кардиосклероз; -миокард гипертрофиясы; -ырғақ пен өткізгіштіктің бұзылыстары; -өкпелік гипертензия; -қақпақшалық аппараттың зақымдалуы; - констриктивтік миоперикардит -тромбоэмболиялық синдром 6. Госпитализациялау үшін көрсетімдер: 1. Жүрек-қан тамырлық және тыныс алу жеткіліксіздіктері белгілері 2. Жүрек ырғағының бұзылуы бар миокардит 3. Фульминантты және созылмалы ағымды миокардит 7. Диагностика критерилері: Маңызы үлкен критерийлер: 1. Жүректің жалпы көлемі мен қуыстарының ұлғаюы (клиникалық мәліметтер бойынша обьективтік әдістермен расталған- рентгенография және эхокардиография). 2. Жүрек жеткіліксіздігінің белгілерімен көрінетін және функциялық әдістермен расталған (эхокардиография) миокардтың жиырылғыштығының төмендеуі. Орта маңызды критерийлер: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|