Ұлттық почта операторына арналған пруденциалдық нормативтерді, сондай-ақ
Осы редакция 2007 жылғы 24 желтоқсандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Почта туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабын іске асыру мақсатында, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің (бұдан әрі Агенттік) Басқармасы қаулы етеді: 1. Ұлттық почта операторына арналған мынадай пруденциалдық нормативтер белгіленсін: меншік қаражаты жеткіліктілігінің коэффициенті; ағымдағы өтімділік коэффициенті; ашық валюта позициясының лимиттері. 2. Меншік қаражаты жеткіліктілігінің коэффициенті Ұлттық почта операторының меншік капиталының өз активтерінің сомасына қатынасы ретінде есептеледі. 3. Меншік қаражатының жеткіліктілігі коэффициентінің ең аз мәні 0,08-ден кем болмауға тиіс. 4. Ұлттық почта операторының меншік капиталы мыналардың сомасы ретінде есептеледі: төленген жарғылық капитал (ақшалай төленген сома шегінде); қосымша капитал; өткен жылдардағы бөлінбеген таза кіріс (оның ішінде бөлінбеген таза кіріс есебінен қалыптастырылған қорлар, резервтер); ағымдағы жылғы кірістердің ағымдағы жылғы шығыстардан асып түсуі; олардан: материалдық емес активтерді алып тастағанда, банктің негізгі қызметінің мақсаттары үшін сатып алынған және 1999 жылғы 1 шілдеден бастап немесе одан кейінгі кезеңді қамтитын қаржылық есеп беруге арналған күшіне енген Қаржылық есептің халықаралық стандарттары жөніндегі комитеттің Басқармасы 1998 жылғы шілдеде бекіткен Қаржылық есептің "Материалдық емес активтер" № 38 халықаралық стандартына (бұдан әрі Қаржылық есептің № 38 халықаралық стандарты) сәйкес келетін лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз етуді қоспағанда; өткен жылдардағы шығындар; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|