ҚАРЫЗ НӨМІРІ 48840-КZ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ мен
2008 жылғы 19 қарашадағы № 86-IV ҚР Заңымен ратификацияланды
ҚАРЫЗ НӨМІРІ 48840-КZ
ҚАРЫЗ ТУРАЛЫ КЕЛІСІМ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ (Қарыз алушы) мен ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЙТА ҚҰРУ ЖӘНЕ ДАМУ БАНКІ (Банк) арасындағы____________, 2008 ж. Келісім. Осы құжатпен Қарыз алушы мен Банк мынадай келісімдерге келеді:
I ТАРМАҚ - ЖАЛПЫ ШАРТТАР; АНЫҚТАМАЛАР
1.01. Жалпы шарттар (нағыз Келісім Толықтыруында белгіленген) нағыз Келісімнің бөлінбейтін құрамы болып келеді. 1.02. Егер контексттен өзге түсіну болмаса, нағыз Келісімде қолданылатын бас әріппен басылған терминдер нағыз Келісімнің Жалпы шарттарындағы немесе Толықтыруындағы бекітілген мағынада алынады.
II ТАРМАҚ - ҚАРЫЗ АЛУ
2.01. Нағыз Келісімнің 1-Қосымшасындағы баяндалған жобаның («Жоба») қаржыландыруына көмек көрсету мақсатымен Банк Қарыз алушыға он үш миллион төрт жүз мың АҚШ долларларына (13 400 000 АҚШ долларларына) тең сомасын («Қарыз») нағыз Келісімде айтылған немесе сілтемеде аталған мерзім мен шарттар бойынша пайдалануға беруге келіседі. 2.02. Қарыз алушы Қарыз тәсілдерін нағыз Келісімнің 2-Қосымшасындағы IV-Тарауына сай алуға ерікті. 2.03. Қарыз алуды ашу үшін Қарыз алушы Банкке Қарыз сомасының төрттен біріне (0,25 %) тең комиссияны төлейді. Қарыз алушы ену мерзімінен 60 күннен кешіктірмей Қарыз ашу комиссиясын төлейді. 2.04. Қарыз алушы Қарыз Валютасына арналған Базалық ЛИБОР ставкасы мен әрбір процент қосылу мерзімінің айнымалы спреді қосындыларына тең пайыздық ставка төлейді. Жоғарыда айтылғанға қарамай, егер алынған Қарыз қалдығының кез келген бөлігі уақытында төленбей қалған, және де отыз (30) күн ішінде төленбеген жағдайда, Қарыз алушы төлейтін пайыз көлемі Жалпы шарттар 3.02 (d)-Тарауында келтірілгендей есептелінуі қажет. 2.05. Төлем өтеу мерзімдері - әр жылдың 15 қаңтары мен 15 шілдесі. 2.06. Қарыздың негізгі сомасы нағыз Келісімнің 3-Қосымшасында келтірілген өтеу графигіне сәйкес өтелетін болады.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|