Осы редакция 2007 жылғы 15 желтоқсандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 26 қарашадағы № 1237 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінiң (2006.06.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1. Жалпы ережелер
1. Бәсекелестiктi қорғау комитетi (бұдан әрi - Комитет) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің құзыретi шегiнде және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсетудi, белгiлi тауар рыногында басымдық жағдайға ие рынок субъектiлерiнiң қызметiн бақылау және реттеу, бәсекелестiктi дамытуды қорғау және үйлестiру, сондай-ақ белгілi тауар рыногында басымдық жағдайға ие рынок субъектiлерiнiң қызметiн жүзеге асыру саласында тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы арнайы атқару және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінiң ведомствосы болып табылады. 2. Комитет өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкіметінiң кесiмдерiне, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. 3. Комитет туралы Ереженi, штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының Yкіметі бекiтедi. 4. Комитет мемлекеттік мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттік тiлде жазылған мөрлерi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетiнiң органдарында шоттары бар. Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi. Комитеттiң, егер оған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өкiлеттiк берiлсе, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар. 5. Комитеттiң мемлекеттік мекемелерi - облыстар мен Астана және Алматы қалаларында аумақтық бөлiмшелерi (бұдан әрi - аумақтық бөлiмшелерi) бар. 6. Комитеттiң заңды мекен-жайы: 473000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, "Транспорт Тауэр" ғимараты. 7. Комитеттің толық атауы - "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Бәсекелестiктi қорғау комитетi" мемлекеттік мекемесi. Осы Ереже Комитеттің құрылтай құжаты болып табылады. 8. Комитеттің қызметiн қаржыландыру республикалық бюджет қаражатынан жүзеге асырылады. Комитетке өзiнiң функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында кәсiпкерлiк субъектiлерiмен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. 9. Комитеттiң миссиясы бәсекелестiктi қорғау мен дамыту және монополистік қызметтi шектеу болып табылады. 10. Комитеттiң мiндеті монополистiк қызметтiң алдын алу және оған жол бермеу, терiс пиғылды бәселестiктi шектеу және тоғысу жолымен бәсекелестікті қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты iске асыру болып табылады. 11. Комитетке жүктелген мiндетке орай заңнамаға сәйкес мыналарды жүзеге асырады: iске асыру функциялары: 1) тауар рыногында бәсекелестiктi шектейтiн және монополистiк қызметтi жүзеге асыратын басымдық (монополиялық) жағдайға ие рынок субъектiлерiн анықтау мақсатында талдауды жүргiзу; 2) белгілі тауар рыногында басымдық (монополиялық) жағдайға ие рынок субъектiлерiнiң Мемлекеттік тiзілiмiн, мемлекеттік кәсiпорындар көрсететiн ақылы қызметтердiң Мемлекеттік тiркелiмiн қалыптастыру және жүргiзу; 3) мемлекеттік органдармен және шет елдер ұйымдарымен, халықаралық ұйымдармен өзара iс-қимылды және ынтымақтастықты ұйымдастыру, сондай-ақ Комитеттің құзыретiне қатысты мәселелер жөніндегі халықаралық жобалар мен бағдарламаларды iске асыру; 4) өз құзыретi аясында нормативтiк кесiмдер әзірлеу; бақылау-қадағалау функциялары: 5) мемлекеттік кәсiпорындардың ақылы қызметтер көрсету қызметiн және тәртібін бақылау және табиғи монополияға жатпайтын мемлекеттік кәсiпорындар өндiретiн және сататын тауарларға (жұмыстарға, қызметтер көрсетуге) бағаны мемлекеттік реттеудi жүзеге асыру; 6) кәсiпкерлiк құқықтарын қорғауға бағытталған заңнаманың сақталуын бақылау; 7) оның құзыретiне жататын мәселелер бойынша заңды және жеке тұлғалардың қызметiн тексерудi жүргiзу; ҚР Үкіметінің 2005.24.08. № 871 қаулысымен 8) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара) 8) өз құзыретiнiң шегiнде Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының бұзылуы туралы iстердi, сондай-ақ шекаралары бір облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) шегiнен асатын белгілi бір тауар рыноктарындағы теріс пиғылды бәсекелестiк туралы iстердi қарау және олар бойынша шешiмдер қабылдау; 9) рынок субъектiлерiнiң жарғылық капиталында және өзге жағдайларда акциялар (үлестер, пайлар) сатып алған кезде Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының сақталуын бақылау. 12. Комитет өзiнiң мiндетiн iске асыру және функцияларын жүзеге асыру үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен өзiнiң құзыретi шеңберiнде: 1) мемлекеттік қазыналық кәсiпорындар монополиялы өндiретiн тауарларға (жұмыстарға, қызметтер көрсетуге) мемлекеттік басқару органы белгiлейтiн бағаларды келiсуге; 2) орындау үшiн мiндеттi шешiмдер беруге және нормативтiк кесiмдер шығаруға; 3) тауар рыногында басымдық (монополиялық) жағдайдың болуын белгiлеуге; ҚР Үкіметінің 2005.24.08. № 871 қаулысымен 4) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара) 4) рынок субъектiлерiнiң монополияға қарсы заңнаманы және терiс пиғылды бәсекелестіктiң жолын кесу саласындағы заңнаманы бұзуы анықталған кезде кiнәлiлердi әкiмшілiк жауаптылыққа тартуға; 5) жеке және заңды тұлғалардан, оның iшiнде мемлекеттік органдардан, жергiлiктi мемлекеттік басқару органдарынан, сондай-ақ олардың лауазымды тұлғаларынан Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiмен белгiленген коммерциялық және өзге де заңмен қорғалатын құпия құрайтын мәлiметтердiң жария болу талаптарын сақтай отырып, өзiнiң өкілеттiгiн жүзеге асыру үшiн ақпарат сұратуға және алуға; 6) рыноктық қатынастар субъектiлерінің орындауы үшін мiндеттi терiс пиғылды бәсекелестiктi тоқтату және оның салдарын жою, сондай-ақ терiс пиғылды бәсекелестiк нәтижесiнде алынған кiрiстi мемлекеттік бюджетке аудару туралы шешiмдер қабылдауға; ҚР Үкіметінің 2005.24.08. № 871 қаулысымен 7) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 7) үлесi тиiстi тауар рыногында отыз бес пайыздан асатын не тиiстi тауар рыногында басым (монополиялық) жағдайға ие мемлекеттік органдарға, олардың лауазымды тұлғаларына, рынок субъектiлерiне, олардың басшыларына орындау үшін мiндеттi нұсқамалар бeруге; 8) Комитет мәжілiстерiнде тиiстi тауар рыногында олардың үлесi отыз бес пайыздан асатын не тиiсті тауар рыногында басымдық (монополиялық) жағдайға ие мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларын, рынок субъектілерiн тыңдауға; 9) Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасын және оны қолдану практикасын жетiлдiру жөнінде ұсыныстар енгізуге; 10) Комитеттiң құзыретiне жататын мәселелер жөнiнде түсiндiрме беруге; 11) ғалымдар мен мамандар, Комитеттiң қызметкерлерi, мемлекеттік органдар мен рынок субъектілерiнiң өкiлдерi қатарынан сараптама кеңесiн құруға; 12) тексерулер мен сараптамалар жүргiзуге басқа да ұйымдардан мамандарды тартуға; ҚР Үкіметінің 2005.24.08. № 871 қаулысымен 13) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара) 13) сотқа талаппен жүгiнуге, мемлекеттік баға тәртiбін, Қазақстан Республикасының терiс пиғылды бәсекелестiктiң жолын кесу және монополияға қарсы заңнамасын, тұтынушылардың құқығын қорғау жөніндегі заңнамасын бұзушылықтарды жою мақсатында оларды қарауға қатысуға; 14) егер бұл тиiстi тауар рыногында оның үлесi отыз бес пайыздан асатын шаруашылық субъектiлерiнiң пайда болуына әкелсе, рынок субъектiлерiн құруға, сондай-ақ тиiстi тауар рыногында басымдық (монополиялық) жағдайға ие рынок субъектiлерiн қайта құруға, таратуға қорытынды беруге; 15) Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасын бұзатын олар қабылдаған кесiмдердiң күшiн жою немесе өзгерту туралы мемлекеттік органдарға ұсыныстар енгізуге; 16) құқық қорғау органдарына тиiстi материалдар жiберуге; ҚР Үкіметінің 2005.24.08. № 871 қаулысымен 17) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 17) нормативтік құқықтық кесiмдердi әзiрлеуге қатысу және өз құзыретiнiң шегiнде басып шығару; 18) тауар рыногында басымдық (монополиялық) жағдайға ие рынок субъектілерiнiң тауарларына (жұмыстарына, қызметтер көрсетуге) бағаларды мемлекеттік реттеудi енгізу туралы шешiм қабылдауға құқылы; ҚР Үкіметінің 2005.24.08. № 871 қаулысымен 19) тармақшамен толықтырылды 19) негiзгi кәсiпорынның органымен еншілес кәсiпорын құруға ұсынымын жоғары тұрған мемлекеттік басқару келiсуге; ҚР Үкіметінің 2005.24.08. № 871 қаулысымен 20) тармақшамен толықтырылды 20) облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органнан қажеттi ақпарат сұрауға және оны ұсыну мерзiмiн белгiлеуге құқылы.
13. Комитеттiң жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болады. Комитеттің мүлкi оған мемлекет берген мүлiктен, сондай-ақ құны Комитеттiң теңгерiмiнде көрсетiлетiн өзге де мүлiктен қалыптасады. 14. Комитетке бекiтілген мүлiк республикалық меншiкке жатады. 15. Комитет өзiне бекітілген мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзге де тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ. Комитетке Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдермен белгiленген жағдайларда және шектерде мүлiкке билiк етуге құқық берiлуi мүмкін. 7. Комитеттің қызметiн ұйымдастыру 16. Комитеттi Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрiнiң ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын төраға басқарады. 17. Комитет төрағасының заңнамада белгiленген тәртiппен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады. 18. Комитет төрағасы Комитеттiң жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды және Комитетке жүктелген мiндеттердiң орындалуы және өз функцияларының жүзеге асырылуы үшiн дербес жауапты болады. ҚР Үкіметінің 2006.06.06. № 509 қаулысымен 19-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 19. Комитеттiң төрағасы осы мақсаттарда: 1) бұйрықтар шығарады; 2) өз орынбасарларының және Комитеттiң құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының мiндеттерiн айқындайды; 3) Комитеттiң құрылымдық және аумақтық бөлiмшелерi туралы ережелердi бекiтедi; 4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Комитеттiң қызметкерлерiн, аумақтық бөлімшелер бастығын және бастығының орынбасарларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады; 5) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Комитеттi бiлдiредi; 6) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен тәртiптiк жазалар қолданады және Комитеттiң қызметкерлерiн көтермелейдi; 7) құрылымдық және аумақтық бөлiмшелердiң қызметiн үйлестiредi және бақылайды. 8. Комитеттi қайта ұйымдастыру және тарату 20. Комитеттi қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
|