«Қазақстан Республикасы Yкіметінің 1999 жылғы 26 мамырдағы № 649 және 2005 жылғы 5 наурыздағы № 214 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы
Осы редакция 2008 жылғы 15 сәуірдегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін: 1) "Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің "ФУМЭКС" республикалық мемлекеттік кәсіпорынын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 26 мамырдағы № 649 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 22, 221-құжат): 4-тармақтың 1) тармақшасы алынып тасталсын; 2) "Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер штат санының лимиттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 5 наурыздағы № 214 қаулысында: көрсетілген қаулымен бекітілген республикалық бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер қызметкерлері штат санының лимиттерінде: "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі" деген 2-бөлімде: "Фитосанитарлық диагностика және болжамдар республикалық әдістеме орталығы" деген жолда 3-бағандағы "482" деген сандар "848" деген сандармен ауыстырылсын. 2. Осы қаулы 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
|