Жер қойнауын пайдалану құқығын алуға конкурстар өткізу жөнінде комиссия құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 2 наурыздағы № 145 Қаулысы
(2007.09.10. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2008 жылғы 24 сәуірдегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 27 қаңтардағы Заңының 41-7-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
ҚР Үкіметінің 2006.25.09. № 907 (бұр. ред. қара); 2007.09.10. № 920 (бұр.ред.қара) Қаулыларымен 1-тармақ өзгертілді
1. Мынадай құрамда жер қойнауын пайдалану құқығын алуға конкурстар өткізу жөніндегі комиссия құрылсын:
Мыңбаев Сауат Мұхаметбайұлы | - Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрі, төраға |
Өжкенов Болат Сұлтанұлы | - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің төрағасы, төрағаның орынбасары |
Қонақаев Саяхат Алпысұлы | - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Жер қойнауын пайдалануға тікелей инвестициялар департаментінің директоры, төрағаның орынбасары |
Алдашев Рүстем Ағыбайұлы | - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің Жер қойнауын пайдалануға тікелей инвестициялар департаменті жер қойнауын пайдалану құқығын беру басқармасының бастығы, хатшы |
Шыналиев Ғазиз Қоршабекұлы | - Қазақстан Республикасының Премьер- Министрі Кеңсесінің Өндірістік сала және инфрақұрылым бөлімі меңгерушісінің орынбасары |
Әбдіреев Батырбек Сейтенұлы | - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Өнеркәсіп және ғылыми-техникалық дамыту комитетi төрағасының орынбасары | |
| |
Сейтімбетов Дәулетияр Сахидоллаұлы | - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігi Заңға тәуелді кесімдер департаменті директорының орынбасары |
Жақыпов Ғалымжан Қойшыбайұлы | - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Салық саясаты және болжамдар департаменті жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу басқармасының бастығы |
Мұқай Ерлан Баққожаұлы | - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті мамандандырылған бөлімінің бастығы |
Сейітов Марат Жандарбекұлы | - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің әкімшілендіру және ірі салық төлеушілердің мониторингі басқармасы жер қойнауын пайдалану бөлімінің бастығы |
Сүйесінов Амантай Кемелұлы | - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің Мұнай өнеркәсібі департаменті директорының орынбасары |
Таутеев Әуесбек Зпашұлы | - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Экологиялық реттеу департаментінің директоры; |
Жергілікті атқарушы
органның өкілi
(объектінің аумақтық
тиесілілігіне қарай
шақырылады).
2. «Жер қойнауын пайдалану құқығын алуға конкурстар өткізу жөніндегі комиссияны құру туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2005 жылғы 19 тамыздағы № 849 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | Д. Ахметов |