|
|
|
Қазақстан Республикасының
Біріккен Ұлттар Ұйымының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясын ратификациялау туралы
2003 жылғы 31 қазандағы Біріккен Ұлттар Ұйымының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясы мынадай мәлімдемелермен және ескертпемен ратификациялансын: 1) Конвенцияның 44-бабы 6-тармағының а) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Конвенцияны адам ұстап беру мәселелерінде Конвенцияға басқа қатысушы мемлекеттермен ынтымақтастық үшін құқықтық негіз ретінде пайдаланады; 2) егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта өзгеше белгіленбесе, Конвенцияның 46-бабының 14-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасына жіберілетін құқықтық көмек туралы өтініштер және оған қоса берілетін материалдардың қазақ немесе орыс тілдеріндегі аудармалары да болуға тиіс; 3) Конвенцияның 66-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы өзін Конвенцияның 66-бабы 2-тармағының ережелеріне байланысты деп есептемейді.
Астана, Ақорда, 2008 жылғы мамырдың 4-і
№ 31 ІV ҚРЗ
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |