|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 29 шілдедегі № 789 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
ҚР Үкіметiнің 2010 жылғы 29 қарашадағы № 1264 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Жер қойнауын пайдалану құқығына ие заңды тұлғадағы жер қойнауын пайдаланудың иеліктен алынатын құқығын (оның бір бөлігін) және (немесе) қатысу үлестерін (акциялар пакеттерін) мемлекеттің сатып алуы мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 29 шілдедегі № 789 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Жер қойнауын пайдалану құқығына ие заңды тұлғадағы жер қойнауын пайдаланудың иеліктен алынатын құқығын (оның бір бөлігін) және (немесе) қатысу үлестерін (акциялар пакеттерін) мемлекеттің сатып алуы мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:
«Баталов Асқар Болатұлы - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда вице-министрі, төрағаның орынбасары» деген жол мынадай редакцияда жазылсын: «Баталов Асқар Болатұлы - Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің жауапты хатшысы, төрағаның орынбасары»; көрсетілген құрамнан Құсайынов Марат Әпсеметұлы, Ыбыраев Азамат Болатұлы шығарылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |