|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 желтоқсандағы № 1324 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Жергілікті атқарушы органдардың штат санының лимиттерін бекітудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 желтоқсандағы № 1324 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 49, 627-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген қаулыға 1-қосымшада: «Аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) әкімдері орынбасарларының шекті саны 3 бірліктен аспауы тиіс.» деген сөздер «Халқының саны 400 000 адамнан аз аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) әкімдері орынбасарларының шекті саны 3 бірліктен аспауы тиіс. Халқының саны 400 000 адамнан астам аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) әкімдері орынбасарларының шекті саны 4 бірліктен аспауы тиіс.» деген сөздермен ауыстырылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |