|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 26 қыркүйектегі № 983 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 6 маусымдағы № 547 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 7 маусымдағы № 341 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Адамдарды заңсыз әкетуге, әкелуге және сатуға қарсы күрес мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 26 қыркүйектегі № 983 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 39, 400-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: 1) көрсетілген қаулымен бекітілген Адамдарды заңсыз әкетуге, әкелуге және сатуға қарсы күрес мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:
мына:
деген жолдағы «министрінің орынбасары» деген сөздер «министрлігінің жауапты хатшысы» деген сөздермен ауыстырылсын;
деген жолдағы «вице-министрі» деген сөз «министрлігінің жауапты хатшысы» деген сөздермен ауыстырылсын;
деген жолдағы «директоры» деген сөзден кейін «, хатшы» деген сезбен толықтырылсын; көрсетілген құрамнан Бабақұмаров Ержан Жалбақұлы, Нұриманов Мақсұт Әнуарбекұлы, Құрманов Алмас Мүхаметкәрімұлы, Табжанов Дәурен Жұмаханұлы, Бадикова Екатерина Викторовна шығарылсын. 2) көрсетілген қаулымен бекітілген Адамдарды заңсыз әкетуге, әкелуге және сатуға қарсы күрес мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ережеде: 8-тармақтағы «қажеттілігіне қарай» деген сөздер «күнтізбелік жылдың әрбір айының әрбір екінші жұмасында, қажеттілігіне қарай Комиссия төрағасы белгілейтін өзге де күндері» деген сөздермен ауыстырылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |