| ||||||||||||||||||||
|
|
|
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы (2004.15.09. берілген өзгерістермен)
2001.10.05. № 199-II ҚР Заңымен бекітілді 2001 жылғы 1 шілдеде күшіне енді
Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі, 1994 жылғы 15 сәуiрдегі Еркiн сауда-саттық аймағын құру туралы келісімнiң және 1994 жылғы 15 сәуiрдегі Еркiн сауда-саттық аймағын құру туралы келісімге Өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттама ережелерін басшылыққа ала отырып, экономикалық интеграцияны одан әрі тереңдетуге, шаруашылық жүргiзушi субъектiлер үшiн тең мүмкiндiктер жасауға және адал ниетті бәсекелестiк шарттарын белгілеуге ұмтыла отырып, халықаралық сауда-саттықтың жалпы жұрт таныған нормалары мен ережелерiн назарға ала отырып, төмендегiлер туралы келiсті:
Жалпы анықтамалар
Осы Келісiмнің мақсаттары үшін мынадай терминдер қолданылады: «жанама салықтар» - қосылған құнға салық және акциз; «нөлдік ставка» - тауарларды (көрсетiлген қызметтi) әкету кезiнде акцизден және нөл процентке тең қосылған құнға салық ставкасынан босатуды бiлдiредi. Нөлдiк ставканы қолдану салық төлеушiге материалдық ресурстар бойынша қосылған құнға салықты салық есебіне (өтеміне) жатқызуға, сондай-ақ алда тұрған төлемдер есебiнен төленген салықтар есебіне немесе өтемiне жатқызуға құқық бередi; «апаратын ел» - кедендік аумағына тауарлар (көрсетілетін қызмет) әкелу жүзеге асырылатын мемлекет; «шаруашылық жүргізушi субъектiлер» - Тарап мемлекеттердiң салық төлеушiлерi.
Келісімнің мәнiсі
Осы Келісімнiң мәнiсі - сыртқы сауда-саттық операцияларын жүзеге асыру кезiнде Тарап мемлекеттердiң шаруашылық жүргiзушi субъектiлерiнiң арасында жанама салықтарды өндiрiп алу қағидаттарын белгiлеу болып табылады.
2004 ж. 15 қыркүйектегі Хаттамамен 3-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 3-бап. Тауарларды әкету кезiнде салық салу қағидаты
Бiр Тарап мемлекетiнiң кеден аумағынан әкетiлетiн және екiншi Тарап мемлекетінiң кеден аумағына әкелiнетiн, экспорттың кеден режимiне жатқызылатын тауарларға Тараптардың ұлттық заңнамасына сәйкес нөлдiк ставка бойынша жанама салықтар салынады.
2004 ж. 15 қыркүйектегі Хаттамамен 4-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 4-бап. Тауарларды әкелу кезiнде салық салу қағидаты
Бiр Тарап мемлекетiнiң кеден аумағынан әкетiліп, екiншi Тарап мемлекетiнiң кеден аумағына әкелiнетiн тауарларға әкелiнген елде оның ұлттық заңнамасына сәйкес жанама салықтар салынады.
Қызметтер көрсету кезiнде жанама салықтарды қолдану тәртібі
1. Қызметтер көрсету кезiнде жанама салықтарды қолдану тәртібі жеке хаттамамен ресiмделедi. Осындай хаттаманың күшiне енуiне дейiн көрсетiлетін қызметтерге Тарап мемлекеттер заңнамасына сәйкес жанама салықтар салынады, оларға мынадай қызмет көрсету жатпайды: а) жөнелту, тиеу, түсiру және қайта тиеу жөнiндегі қызмет көрсетудi қоса алғанда, бір Тарап мемлекеттiң кеден аумағынан екінші Тарап мемлекеттiң кеден аумағына әкетiлетiн тауарларды тасымалдау және қызмет көрсету жөнiндегі қызметтер; б) жөнелту, тиеу, түсiру және қайта тиеу жөніндегі қызмет көрсетудi қоса алғанда, тауарларды жөнелту немесе жеткізу пункттерi Тарап мемлекеттер аумақтарында орналасқан жағдайда транзиттiк тауарларды тасымалдау және қызмет көрсету жөніндегі қызметтер; в) жолаушылар мен жүктердi бiр Тарап мемлекеттің кеден аумағынан екiншi Тарап мемлекеттiң кеден аумағына апару және керi бағытта тасымалдау жөніндегі қызметтер. 2. Осы баптың 1-тармағының «а», «б» және «в» тармақшаларында көрсетілген қызметтерге, оларды Тараптар белгілейтiн тәртiптерге сәйкес көрсету фактiсi расталған жағдайда, осындай қызмет көрсететiн салық төлеушiлер мемлекетiнде нөлдік ставка бойынша қосылған құнға салық салынады.
Тауарлардың өтуiне және жанама салықтарды төлеуге бақылау
1. Тауарлардың өтуiне, есеп жүргiзуге және ақпарат алмасуға бақылауды жүзеге асыру мақсатында Тараптар Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының Сыртқы экономикалық қызмет тауарлық номенклатурасын (ТМД СЭҚ ТН) пайдаланады. 2. Бiр Тарап мемлекеттің кеден аумағынан екiншi Тарап мемлекеттің кеден аумағына тауарларды әкелу (әкету) кезiнде қосылған құнға салықтарды өндiрiп алуды және олардың төленуiне бақылау жасауды осы Келісімге қатысушы мемлекеттердiң кеден және салық органдары жүзеге асырады.
Келiсімнің орындалуы
1. Осы Келісімдi түсiндiруге немесе қолдануға байланысты келiспеушiлiктердi Тараптар келiссөздер арқылы шешетiн болады. 2. Тараптар қажет болған ретте осы Келісімдi iске асыру барысын бағалауға және оған өзгерістер мен толықтырулар енгізудің орындылығына қатысты консультациялар өткізеді.
Келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу
Тараптар өзара келісім жағдайында осы Келісімге қажеттi толықтырулар мен өзгерістер енгiзедi, олар Келісімнiң ажырамас бөлiгi болып табылатын жеке Хаттамалармен ресiмделедi.
Келісімнiң қолданылу мерзiмi
1. Осы Келісім оның күшiне енуi үшiн қажетті мемлекетiшiлiк рәсімдердi Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламадан кейiн 2001 жылдың 1 шiлдесiнде күшiне енедi. 2. Осы Келісім бес жыл мерзiмге жасалады және егер Тараптардың бiрде-бірі кем дегенде кезектi мерзiм аяқталардан 6 ай бұрын оның қолданысын тоқтату ниетi туралы дипломатиялық арналар бойынша жазбаша хабарламаса, келесi бесжылдық кезеңдерге өздiгiнен ұзартылады.
Астана қаласында 2000 жылғы 9 қазанда әрқайсысы қазақ және орыс тiлдерiнде екi түпнұсқа дана болып жасалды және де екi мәтiннiң күшi бiрдей.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |