|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 1 наурыздағы № 311 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 23 тамыздағы № 476 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Қазақстан Республикасында орнатылатын ескерткіштер мен монументтер жөніндегі мемлекеттік комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 1 наурыздағы № 311 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 9, 97-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін: 1) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында орнатылатын ескерткіштер мен монументтер жөніндегі мемлекеттік комиссия туралы ережеде: мынадай мазмұндағы 5-4 және 5-5-тармақтармен толықтырылсын: «5-4. Комиссияның төрағасы оның қызметіне басшылық жасайды, отырыстарында төрағалық етеді, жұмысын жоспарлайды, оның шешімдерінің іске асырылуын жалпы бақылауды жүзеге асырады және Комиссия жүзеге асыратын қызметке дербес жауап береді. Төраға болмаған кезде оның функцияларын орынбасары атқарады. 5-5. Комиссияның хатшысы Комиссия мәжілісінің күн тәртібі жөніндегі ұсыныстарды, қажетті құжаттарды, материалдарды дайындайды және Комиссия мәжілісінің хаттамаларын ресімдейді. Хатшы Комиссияның мүшесі болып табылмайды.»; 7-тармақтағы «Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі» деген сөздер «Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті» деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 8 және 9-тармақтармен толықтырылсын: «8. Комиссия қызметінің ұйымдастыру-техникалық қамтамасыз етілуін жұмыс органы қамтамасыз етеді. 9. Комиссия өзінің қызметін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде тоқтатады.»; 2) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында орнатылатын ескерткіштер мен монументтер жөніндегі мемлекеттік комиссия құрамына мыналар енгізілсін:
мына жолдар:
мынадай редакцияда жазылсын:
көрсетілген Комиссияның құрамынан Ертісбаев Ермұхамет Қабиденұлы, Әлиев Арыстанбек Мұхамедиұлы, Шаймерден Ербол Шаймерденұлы, Нысанбаев Әбдімәлік Нысанбайұлы, Әбішев Бақытжан Әлімбайұлы, Байпақов Карл Молдахметұлы, Кацев Владимир Зеликович, Мергенов Еркін Тілекұлы, Ерғалиева Райхан Әбдешқызы, Есдәулет Ұлықбек Оразбайұлы шығарылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |