Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 19 желтоқсандағы 2007 жылғы № 469 бұйрығымен бекітілген
ҚР Қаржы министрінің 2011 жылғы 23 маусымдағы № 325 бұйрығымен күші жойылды
«Жеке кәсіпкерлерді тіркеу»
1. Жеке кәсіпкерлерді тіркеу - бұл салық органының жеке кәсіпкер ретінде есепке қою, жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті ауыстыру және Куәлік дубликатын беру, сонымен қатар жеке кәсіпкер қызметін уақытша тоқтату және жеке кәсіпкер есебінен алу бойынша салық органының қызметі. Салық төлеушінің қалауы бойынша жеке кәсіпкер ретінде тіркеу келесі түрде жүргізілуі мүмкін: жеке кәсіпкерлік; ортақ кәсіпкерлік. Жеке кәсіпкерлік оның жеке меншігіне жататын, сонымен қатар мүлікті қолдануға және (немесе) өкім беруге құқық беретін мүлік базасында өздігінен бір физикалық тұлғамен жүзеге асырылады. Ортақ кәсіпкерлік - оның жеке меншігіне жататын, сонымен қатар мүлікті қолдануға және (немесе) өкім беруге құқық беретін мүлік базасында кәсіпкерлік қызметті физикалық тұлғалар тобымен жүзеге асырылуы. Ортақ кәсіпкерлік формасы болып табылады: жұбайлардың жалпы ортақ меншігі базасында жүзеге асатын жұбайлар кәсіпкерлігі; жалпы ортақ крестьян (фермерлік) шаруашылық немесе мүлікті меншіктеуге жалпы ортақ кәсіпкерлік базасында жүзеге асатын жанұялық кәсіпкерлік; жеке кәсіпкерлік жалпы үлестік меншік базасында жүзеге асатын жай серіктестік. Жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы Куәлікті ауыстыру бойынша қызмет салық төлеушінің аты (тегі, аты, әкесінің аты) өзгерген жағдайда ұсынылады, Куәлік дубликатын беру бойынша қызметті Куәлікті бүлдірген немесе жоғалтқан кезде көрсетіледі. Қызметтің уақытша тоқтатылуы - қызметін қайта жандандыруына дейін келешек салық кезеңдеріне салық есептіліктің ұсынбауы үшін негіздеме болып табылатын белгілі бір уақытқа дейін тапсырылған өтінішіне сәйкес жеке кәсіпкердің қызметін тоқтатылуы. 2. Жеке кәсіпкерлерді тіркеу бойынша қызмет кей жерлерінде автоматтандырылған. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|