|
|
|
Жоба Қазақстан Республикасының Заңы
ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 30 маусымдағы № 661 Қаулысымен ҚР Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілді
1-бап. Қазақстан Республикасының мынадай заңнамалық актілеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін: 1. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі 1994 жылғы 27 желтоқсанда қабылдаған Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (Жалпы бөлім) (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж, № 23-24 (қосымша); 1995 ж., № 15-16, 109-құжат; № 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж, № 2, 187-құжат; № 14, 274-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 1-2, 8-құжат; № 5, 55-құжат; № 12, 183, 184-құжаттар; № 13-14, 195, 205-құжаттар; 1998 ж, № 2-3, 23-құжат; № 5-6, 50-құжат; № 11-12, 78-құжат; № 17-18, 224, 225-құжаттар; № 23, 429-құжат; 1999 ж, № 20, 727, 731-құжаттар; № 23, 916-құжат; 2000 ж, № 18, 336-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж, № 1, 7-құжат; № 8, 52-құжат; № 17-18, 240-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж, № 2, 17-құжат; № 10, 102-құжат; 2003 ж, № 1-2, 3-құжат; № 11, 56, 57, 66-құжаттар; № 15, 139-құжат; № 19-20, 146-құжат; 2004 ж, № 6, 42-құжат; № 10, 56-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж, № 10, 31-құжат; № 14, 58-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж, № 1, 4-құжат; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат, № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 13, 85-құжат; 2007 ж, № 2, 18-құжат; № 3, 20, 21-құжаттар; № 4, 28-құжат; № 20,153-құжат): 49-баптың 1-тармағының екінші бөлігінде: «ұйымын» деген сөзден кейін «әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияны» деген сөздермен толықтырылсын; «және мақта саласын дамыту» деген сөздер «мақта саласын дамыту және әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар» деген сөздермен ауыстырылсын. 2. Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексі (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж, № 13, 99-құжат; 2005 ж, № 9, 26-құжат; 2006 ж, № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 79, 83-құжаттар; № 16, 97-құжат; 2007 ж, № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 14, 105-құжат; № 15, 106, 109-құжаттар; № 16, 129-құжат; № 17, 139-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 152-құжат, № 24, 180-құжат): 1) 43-бап мынадай мазмұндағы 12-1-тармақпен толықтырылсын: «12-1. Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларға жер учаскелеріне құқықтар беру осы Кодексте және Қазақстан Республикасының әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар туралы заңнамалық актісінде көзделген тәртіппен және жағдайда жүзеге асырылады.». 2) 48-бапта: 1-тармақта: бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын: «1. Жер учаскелері немесе жер учаскелерін жалға алу құқығы мыналарға: 1) инвестициялық және инновациялық жобаларды іске асыру үшін әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларға; 2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік жер пайдаланушыларына; 3) халықаралық шарттарға сәйкес шет мемлекеттерге және халықаралық ұйымдарға; 4) жеке қосалқы шаруашылық жүргізу үшін оралмандарға; 5) мемлекеттік және (немесе) уәкілетті органдар жүргізетін объектілер салу жөнінде конкурстарды (тендерлерді) жеңіп алған адамдарға және мұндай құрылыс тікелей көрсетілген адамдарға жер учаскесін беруді қажет етсе; 6) оларға меншік құқығында және (немесе) өзге де заттық құқықтарға, оның ішінде Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген сәулет-қала құрылысы және (немесе) құрылыс құжаттамасына сәйкес аумақта іргелес ғимараттарды (құрылымдарды, құрылыстарды) кеңейту және қайта жаңарту үшін тиесілі ғимараттарды (құрылымдарды, құрылыстарды) пайдалану және ұстау үшін жеке және заңды тұлғаларға; 7) кондоминиум объектісін пайдалану және ұстау үшін кондоминиум қатысушыларына; 8) халықтың жеке қора шаруашылығын ұстау бойынша мұқтаждықтарын қанағаттандыру мақсатында, сондай-ақ бау-бақша мақсатында жайлау және шабындықты алқаптарда пайдалану үшін; 9) Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жасалған Келісім-шарт негізінде жер қойнауын пайдалану мақсаттары үшін; 10) Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңнамасына сәйкес жасалған Келісім-шарт негізінде мемлекеттік заттай гранттар ретінде; 11) арнайы экономикалық, индустриялық жерінің құрамынан; 12) темір жол, автомобиль, теңіз және ішкі су, әуе, құбыр жол көлігінің, байланыс және энергетика мұқтаждықтары үшін, сондай-ақ мемлекеттік маңызы бар өзге де объектілерді салу үшін; 13) халықтың мұқтаждықтарын қанағаттандыруға арналған жалпы пайдалану объектілеріне (су құбыры, жылу құбыры, тазарту құрылыстары және басқа да инженерлік-коммуникациялық желілер мен жүйелер), сондай-ақ осы Кодекстің 107-бабы 3-тармағының 10) тармақшасына сәйкес арнайы мақсаттағы объектілерге; 14) осы Кодекстің 121-бабына сәйкес жерді пайдаланудың ерекше жағдайлары бар аймақтарды белгілеу үшін; 15) осы Кодекстің 9-бабының 3-тармағына сәйкес жеке қосалқы шаруашылық жүргізу, бағбандық, жеке тұрғын үй және саяжай салу үшін; 16) мемлекеттік және өңірлік бағдарламалар мен мемлекеттік мүдделерді және қоғамдық маңызды мақсаттарға қол жеткізуді қамтамасыз ететін инвестициялық жобаларда көзделген объектілерді салу үшін; 17) осы Кодекстің 9-бабының 3-тармағына сәйкес халықаралық қатысуы бар ғылыми орталықтарға және отандық өнеркәсіп кәсіпорындарына берілетін жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік меншіктегі және жер пайдалануға ұсынылмаған жер учаскелерін немесе жер учаскелерін жалға беру құқығын беру сауда-саттықтарда (конкурстарда, аукциондарда) жүзеге асырылады.»; екінші бөліктегі «ауыл шаруашылығы мақсатындағы» деген сөздер алынып тасталсын; 1-1-тармақтың бірінші бөлігі алынып тасталсын; 2-тармақтың екінші абзацындағы «белгілі бір жерде» және «айқындалғаннан және» деген сөздер алынып тасталсын; 2-бап. Осы Заң алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |