Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 19 желтоқсандағы 2007 жылғы № 469 бұйрығымен бекітілген
ҚР Қаржы министрінің 2011 жылғы 23 маусымдағы № 325 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің құрылымдық
1. Жалпы ережелер
1. Апостиль - құжаттамаға қол қойған адамның қолын және оның өкілеттіктерін, сондай-ақ осы құжат бекітілген мөрдің немесе мөртаңбаның түпнұсқалылығын растайтын арнайы мөртаңба. Апостильді қою рәсімінің мақсаты Гаага қаласында 1961 жылғы 5 қазанда жасалған»Шетелдік ресми құжаттарды заңдастыруды талап етудің күшін жоятын Конвенцияға (бұдан әрі - Гаага Конвенциясы) мүше-елдердің аумағында қолдануға арналған апостиленетін құжаттардың түпнұсқалылығы мен дұрыс ресімделінуіне кепілдікті қамтамасыз ету болып табылады. 2. Бұл қызмет көрсету автоматтандырылмаған, келу тәртібімен жүзеге асырылады. 3. Апостиль қою бойынша қызмет көрсету «Қазақстан Республикасының Шетелдік ресми құжаттарды заңдастыру талаптарын жоятын конвенцияға қосылуы туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 30 желтоқсандағы Заңы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Гаага Конвенциясының ережелерін іске асыру жөніндегі шаралар туралы» 2001 жылғы 24 сәуірдегі № 545 қаулысы, сондай-ақ «Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарынан, нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою тәртібі мен шарттары туралы Бірыңғай қағиданы бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Әділет министрінің 2001 жылғы 4 маусымдағы № 67 бұйрығы (бұдан әрі - Біріңғай Ережелер) негізінде көрсетіледі. 4. Апостиль қою бойынша қызметті Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті және облыстық, Алматы, Астана қалалары бойынша және арнайы экономикалық аумақтарда құрылған салық комитеттері көрсетеді. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|