|
|
|
Қазақстан Республикасының
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., №5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., №4, 33-құжат; №17, 155-құжат; 2003 ж., №1-2, 3-құжат; №4, 25-құжат; №5, 30-құжат; №11, 56, 64, 68-құжаттар; №14, 109-құжат; №15, 122, 139-құжаттар; №18, 142-құжат; №21-22, 160-құжат; №23, 171-құжат; 2004 ж., №6, 42-құжат; №10, 55-құжат; №15, 86-құжат; №17, 97-құжат; №23, 139, 140-құжаттар; №24, 153-құжат; 2005 ж., №5, 5-құжат; №7-8, 19-құжат; №9, 26-құжат; №13, 53-құжат; №14, 58-құжат; №17-18, 72-құжат; №21-22, 86, 87-құжаттар; №23, 104-құжат; 2006 ж., №1, 5-құжат; №2, 19, 20-құжаттар; №3, 22-құжат; №5-6, 31-құжат; №8, 45-құжат; №10, 52-құжат; №11, 55-құжат; №12, 72, 77-құжаттар; №13, 85, 86-құжаттар; №15, 92, 95-құжаттар; №16, 98, 102-құжаттар; №23, 141-құжат; 2007 ж., №1, 4-құжат; №2, 16, 18-құжаттар; №3, 20, 23-құжаттар; №4, 28, 33-құжаттар; №5-6, 40-құжат; №9, 67-құжат; №10, 69-құжат; №12, 88-құжат; №13, 99-құжат; №15, 106-құжат; №16, 131-құжат; №17, 136, 139, 140-құжаттар; №18, 143, 144-құжаттар; №19, 146, 147-құжаттар; №20, 152-құжат; №24, 180-құжат; 2008 ж., №6-7, 27-құжат): 1) мынадай мазмұндағы 34-1-баппен толықтырылсын: «34-1-бап. Құқық бұзушылықты арнайы техникалық құралдар тіркеген кездегі әкімшілік жауаптылықтың ерекшеліктері 1. Әкімшілік құқық бұзушылық сертификатталған арнайы бақылау-өлшеу техникалық құралдарымен және аспаптарымен тіркелген жағдайда, жол жүрісі саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жауаптылыққа көлік құралдарының меншік иелері (иелері) тартылады. 2. Егер көлік құралының меншік иесінің (иесінің) хабарламасы немесе өтініші бойынша тексеру барысында құқық бұзушылық тіркелген кезде көлік құралы иелігінде болған адам анықталса не басқа адамдардың құқыққа қарсы әрекеттерінің салдарынан көлік құралы оның иелігінен шыққан болса, осы көлік құралының қатысуымен жасалған құқық бұзушылық үшін ол әкімшілік жауаптылықтан босатылады. Ескерту. Осы Кодекстің баптарында көлік құралын меншік құқығымен иеленетін жеке тұлғалар, сондай-ақ жеке және заңды тұлғаларға тиесілі көлік құралдары уақытша иелену мен пайдалануға берілген жеке тұлғалар көлік құралдарының иелері болып танылады. Осы Кодекстің баптарында сертификатталған арнайы бақылау-өлшеу техникалық құралдары мен аспаптары деп құқық бұзушылықтарды бақылау мен тіркеудің метрологиялық салыстырып тексеруден өткен техникалық құралдары мен аспаптарын, құқық бұзушылықтың жасалу фактісі мен уақытын, көлік құралының түрін, маркасын, мемлекеттік тіркеу нөмірінің белгісін, сондай-ақ жүрісінің жылдамдығы мен бағытын тіркейтін фото-, бейнеаппаратураны түсіну қажет.»; үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын: «3. Көлік құралдарын жүргізу құқығын қоспағанда, арнаулы құқықтан айыру мерзімі бір айдан кем болмауға және екі жылдан аспауға тиіс.»; мынадай мазмұндағы 3-1 және 3-2-бөліктермен толықтырылсын: «3-1. Көлік құралдарын жүргізу құқығынан айыру мерзімі алты айдан екі жылға дейін болуы мүмкін. 3-2. Алкогольден, есірткіден және (немесе) уытқұмарлықтан мас күйінде көлік құралдарын жүргізгені үшін құқықтан айыру мерзімі екі жылдан он жылға дейін болуы мүмкін.»; 3) 58-бап мынадай редакцияда жазылсын: «58-бап. Жол жүрісі ережелерін білуін тексеру Осы Кодекстің 461 (сегізінші бөлігінде), 461-1 (екінші бөлігінде), 462 (төртінші бөлігінде), 463 (төртінші бөлігінде), 463-1 (үшінші бөлігінде), 463-2 (төртінші бөлігінде), 463-3 (төртінші бөлігінде), 463-4 (төртінші бөлігінде), 463-5 (үшінші бөлігінде), 463-6 (екінші бөлігінде), 463-7 (екінші бөлігінде), 463-8 (екінші бөлігінде), 464 (екінші бөлігінде) - баптарында көзделген құқық бұзушылықтарды жасаған көлік құралдарының жүргізушілері жол жүрісі ережелерін білуін тексеру үшін емтихан тапсыруға жіберіледі. Жол жүрісі ережелерін білуін тексеруге жіберу туралы қаулыны осы Кодекстің аталған баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға уәкілетті органдар (лауазымды адамдар) шығарады.»; тақырыбындағы «Жүргізушілердің көлік» деген сөздер «Көлік» деген сөзбен, «бұзуы» деген сөз «бұзу» деген сөзбен ауыстырылсын; бірінші бөлікте: бірінші абзацтағы «тіркеу белгілері» деген сөздер «тіркеу нөмірінің белгілері (белгісі)» деген сөздермен ауыстырылсын; екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: «бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»; екінші және үшінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын: «2. Мемлекеттік тіркеу нөмірінің белгілері (белгісі) жоқ немесе оны пайдалануға тыйым салынғаннан кейін немесе белгіленген тәртіп бойынша тіркелмеген көлік құралдарын жүргізу - он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 3. Көлік құралына көрінеу жалған немесе қолдан жасалған мемлекеттік тіркеу нөмірінің белгілерін (белгісін) орнату - жеке тұлғаларға - он бес, көлік құралдарының пайдаланылуына жауапты лауазымды адамдарға - елу, дара кәсіпкерлерге, шағын не-месе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»; мынадай мазмұндағы 3-1-бөлікпен толықтырылсын: «3-1. Көрінеу жалған немесе қолдан жасалған мемлекеттік тіркеу нөмірінің белгілері (белгісі) бар көлік құралын жүргізу - жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға немесе бір жыл мерзімге көлік құралдарын жүргізу құқығынан айыруға әкеп соғады.»; төртінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»; бесінші бөліктің екінші абзацындағы «айлық есептік көрсеткіштің бірден екіге дейінгі» деген сөздер «он бес айлық есептік көрсеткіш» деген сөздермен ауыстырылсын; алтыншы бөлікте: бірінші абзацтағы «Мемлекеттік техникалық байқаудан өтпеген не тиісті» деген сөздер «Тиісті» деген сөзбен ауыстырылсын; екінші абзацтағы «айлық есептік көрсеткіштің бестен жетіге дейінгі» деген сөздер «он бес айлық есептік көрсеткіш» деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы жетінші және сегізінші бөліктермен толықтырылсын: «7. Мемлекеттік техникалық байқаудан өтпеген көлік құралын жүргізу - үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 8. Осы баптың бірінші, төртінші және бесінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер - жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»; 5) мынадай мазмұндағы 461-1-баппен толықтырылсын: «461-1-бап. Көлік құралын жүргізу кезінде жүргізушінің телефонды не радиостанцияны пайдалануы 1. Көлік құралын жүргізу кезінде жүргізушінің телефонды не радиостанцияны пайдалануы - бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет - жеті айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. Ескерту. Көлік құралын жүргізу кезінде телефонды не радиостанцияны тыңдауыш немесе қатты дауысты байланыс арқылы пайдалануға рұқсат етіледі.»; бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»; екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»; үшінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»; мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын: «4. Осы баптың екінші және үшінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер - жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»; тақырып пен бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын: «463-бап. Көлік құралдарын жүргізушілердің маршруттық көлік құралдарын тоқтатудың, тұрғын аймақтарда жүрудің, жолаушылар мен жүктерді тасымалдаудың ережелерін сақтамауы және жол жүрісінің ережелерін басқа да өрескел бұзу 1. Көлік құралдарын жүргізушілердің маршруттық көлік құралдарын тоқтату, тұрғын аймақтарда жүру, жолаушылар мен жүктерді тасымалдау, қауіпсіздік белдіктерімен жабдықталған көлік құралдарымен жүру кезінде қауіпсіздік белдіктерін, мотоциклдерді жүргізу және онымен жолаушыларды тасымалдау кезінде мотошлемдерді пайдалану, көлік құралдарын сүйретуге алу, тәуліктің қараңғы мезгілінде немесе анық көрінбейтін ала-көлеңке кезде жарық беретін аспаптарды пайдалану ережелерін сақтамауы - бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»; 1-1-бөлік алып тасталсын; мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын: «4. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет - он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»; 8) мынадай мазмұндағы 463-1, 463-2, 463-3, 463-4, 463-5, 463-6, 463-7 және 463-8-баптармен толықтырылсын: «463-1-бап. Жол қиылыстарынан өту ережелерін бұзу немесе жолдың жүру бөлігін кесіп өту 1. Көлденең бағыттағы көлік құралдарының жүрісіне кедергі келтіруге (кептеліске) әкеп соқтыратын кептеліс пайда болған жағдайда жол қиылысына шығу немесе жолдың жүру бөлігін кесіп өту - бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 2. Жол жүрісі ережелерінің жол қиылысынан өтуде басымдық құқығын пайдаланатын көлік құралына жол беру талаптарын орындамау - бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер - он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 463-2-бап. Маневр жасау ережелерін бұзу 1. Жол жүрісі ережелерінің жүру, қайта орналасу, бұрылу, кері бұрылу немесе тоқтау алдында сигнал беру талаптарын орындамау - үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 2. Мұндай маневрлар жасауға тыйым салынған жерлерде кері бұрылу немесе артқа жүру - бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 3. Осы Кодекстің 463-1-бабының екінші бөлігінде және 463-5-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, жол жүрісі ережелерінің жүрудің басымдық құқығын пайдаланатын көлік құралына жол беру талаптарын орындамау - бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 4. Осы баптың екінші және үшінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, - он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 463-3-бап. Көлік құралын жолдың жүру бөлігінде орналастыру, қарама-қарсы жүріп өту немесе басып озу ережелерін бұзу 1. Жол жүрісі ережелерін бұза отырып, жүргіншілер жолымен, жол жиегімен немесе тротуармен жүру - жеті айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 2. Көлік құралын жолдың жүру бөлігінде орналастыру, қарама-қарсы жүріп өту немесе жолдың жүру бөлігінің қарсы бағытта жүруге арналған жағына шықпай басып озу ережелерін бұзу, сол сияқты ұйымдасқан көліктік немесе жаяу колоннаны кесіп өту не одан орын алу - жеті айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 3. Егер жол жүрісі ережелерімен тыйым салынған болса, жолдың жүру бөлігінің қарсы жүруге арналған жағына шығу - он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 4. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер - он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 5. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет - алты ай мерзімге көлік құралдарын жүргізу құқығынан айыруға әкеп соғады. 463-4-бап. Көлік құралдарын тоқтату немесе оларды қою ережелерін бұзу 1. Осы Кодекстің 463-бабының бірінші бөлігінде, 466-бабында және осы баптың екінші-үшінші бөліктерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, көлік құралдарын тоқтату немесе оларды қою ережелерін бұзу - бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 2. Көлік құралдарын тротуарда тоқтату немесе қою ережелерін бұзу, сондай-ақ көлік құралдарын гүлзарларда, балалар немесе спорт алаңдарында тоқтату немесе оларды қою - алты айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 3. Басқа көлік құралдарының жүрісіне кедергі келтіруге әкеп соқтырған, жолдың жүру бөлігінде көлік құралдарын тоқтату немесе оларды қою ережелерін бұзу - жеті айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 4. Осы баптың бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер - он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 463-5-бап. Арнайы жарық және дыбыс сигналдары іске қосылған жедел және арнайы қызметтер көлік құралының жүруіне басымдық бермеу 1. Бір мезгілде жарқылдауық маягі мен арнайы дыбыс сигналы іске қосылған жедел және арнайы қызметтер көлік құралының жүруіне басымдық бермеу - жеті айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 2. Сыртқы жағында арнайы түсті-графикалық схемалар, жазулар және белгілер бар, бір мезгілде жарқылдауық маягі мен арнайы дыбыс сигналы іске қосылған жедел және арнайы қызметтер көлік құралының жүруіне басымдық бермеу- он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер - он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 463-6-бап. Бағдаршамның тыйым салатын сигналына немесе реттеушінің тыйым салатын қимылына қарамай өтіп кету 1. Осы Кодекстің 466-бабының бірінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, бағдаршамның тыйым салатын сигналына немесе реттеушінің тыйым салатын қимылына қарамай өтіп кету - он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет - жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 463-7-бап. Жүргіншілерге немесе жол жүрісінің өзге де қатысушыларының жүруіне басымдық бермеу 1. Басымдық құқығын пайдаланатын көлік құралдарының жүргізушілерін қоспағанда, жол жүрісі ережелерінің жүргіншілерге немесе жол жүрісінің өзге де қатысушыларына жол беру талаптарын орындамау - он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет - жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 463-8-бап. Жол белгілерімен немесе жолдың жүру бөлігіндегі таңбалармен көрсетілген талаптарды сақтамау 1. Осы тараудың басқа баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, жол белгілерімен немесе жолдың жүру бөлігіндегі таңбалармен көрсетілген талаптарды сақтамау - бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет - он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»; тақырыбындағы «құралдарын және» деген сөздер «аспаптарын және (немесе)» деген сөздермен ауыстырылсын; бірінші бөлікте: бірінші абзацтағы «құралдарын және» деген сөздер «аспаптарын және (немесе)» деген сөздермен ауыстырылсын; екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: «бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»; екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын: «2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет - жеті айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»; 10) мынадай мазмұндағы 464-1-баппен толықтырылсын: «464-1-бап. Көлік құралына арнайы жарық және (немесе) дыбыс сигналдарын беруге арналған құрылғыларды орнату ережелерін бұзу не жедел және арнайы қызметтер автомобильдерінің арнайы түсті-графикалық схемаларын заңсыз жазу 1. Көлік құралының алдыңғы бөлігіне қызыл түсті жарығы бар жарық аспаптарын немесе қызыл түсті жарық қайтаратын жабдықтарды, сол сияқты түсі мен жұмыс режимі көлік құралдарын пайдалануға жіберудің талаптарына сәйкес келмейтін жарық аспаптарын орнату - аталған аспаптар мен жабдықтарды тәркілей отырып, жеке тұлғаларға - он бес, көлік құралдарының пайдаланылуына жауапты лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері, коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бір жарым мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 2. Арнайы жарық және (немесе) дыбыс сигналдарын беруге арналған құрылғыларды (күзет сигнализациясын қоспағанда) көлік құралына тиісті рұқсатсыз орнату - аталған құрылғыларды тәркілей отырып, жеке тұлғаларға - жиырма бес, көлік құралдарының пайдаланылуына жауапты лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері, коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 3. Көлік құралының сыртқы жағына жедел және арнайы қызметтер автомобильдерінің арнайы түсті-графикалық схемаларын заңсыз жазу - жеке тұлғаларға - жиырма бес, көлік құралдарының пайдаланылуына жауапты лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері, коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»; 11) 465, 466 және 467-баптар мынадай редакцияда жазылсын: «465-бап. Жол жүрісіне қатысушының жол жүрісі ережелерін авариялық ахуал туғызуға әкеп соғатындай дәрежеде бұзуы 1. Жол жүрісіне қатысушының авариялық ахуал туғызуға әкеп соқтыратындай, яғни жол жүрісіне басқа қатысушыларды жүріс жылдамдығын, бағытын күрт өзгертуге мәжбүр етіп, жол жүрісі ережелерін бұзуы - он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет - алты ай мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айыруға әкеп соғады. 466-бап. Теміржол өткелдерінен өту ережелерін бұзу 1. Теміржол өткелдерінен тыс жерден теміржолды кесіп өту, жабық тұрған немесе жабылып жатқан шлагбаумнан не бағдаршам немесе өткел кезекшісі тыйым салатын сигнал берген кезде теміржол өткелдеріне шығу, сол сияқты теміржол өткелінде тоқтау немесе тұру - он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс- әрекеттер - алты ай мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айыруға әкеп соғады. 467-бап. Жүргізушінің алкогольден, есірткіден және (немесе) уытқұмарлықтан мас күйінде көлік құралын жүргізуі, сол сияқты көлік құралын жүргізуді алкогольден, есірткіден және (немесе) уытқұмарлықтан мас күйдегі адамға беру 1. Жүргізушінің алкогольден, есірткіден және (немесе) уытқұмарлықтан мас күйінде көлік құралын жүргізуі, не көлік құралын жүргізуді алкогольден, есірткіден және (немесе) уытқұмарлықтан мас күйдегі адамға беру - екі жыл мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айыруға әкеп соғады. 2. Авариялық ахуал туғызуға әкеп соқтырған нақ сол іс-әрекеттер - үш жыл мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айыруға әкеп соғады. 3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, жәбірленушінің денсаулығына қылмыстық жазалау әрекетінің белгілері жоқ зақым келтіруге немесе көлік құралдарын, жүктерді, жол құрылыстары мен өзге де құрылыстарды не өзге мүлікті бүлдіруге әкеп соқтырған іс-әрекеттер - төрт жыл мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айыруға әкеп соғады. 4. Осы баптың бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жазаның мерзімі аяқталғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер - он тәулікке әкімшілік қамауға және бес жыл мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айыруға әкеп соғады. 5. Осы баптың төртінші бөлігінде көзделген әкімшілік жазаның мерзімі аяқталғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған нақ сол іс- әрекеттер - он бес тәулікке әкімшілік қамауға және он жыл мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айыруға әкеп соғады. 6. Осы баптың бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде көзделген, көлік құралын жүргізу құқығынан айырылған адам жасаған іс-әрекеттер - он тәулікке әкімшілік қамауға әкеп соғады. 7. Осы баптың алтыншы бөлігінде көзделген әкімшілік жазаның мерзімі аяқталғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған нақ сол іс-әрекеттер - он бес тәулікке әкімшілік қамауға әкеп соғады. 8. Осы баптың бірінші, екінші, үшінші бөліктерінде көзделген, көлік құралын жүргізу құқығы жоқ адамдар жасаған іс-әрекеттер - он тәулікке әкімшілік қамауға әкеп соғады. 9. Осы баптың сегізінші бөлігінде көзделген әкімшілік жазаның мерзімі аяқталғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған нақ сол іс-әрекеттер - он бес тәулікке әкімшілік қамауға әкеп соғады. 10. Осы баптың алтыншы, жетінші, сегізінші және тоғызыншы бөліктерінде көзделген, осы Кодекстің 55-бабының үшінші бөлігіне сәйкес әкімшілік қамау қолданылмайтын адамдар жасаған іс-әрекеттер - жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. Ескерту. Жүргізушінің мас күйде (алкогольден, есірткіден, уытқұмарлықтан) болуы осы Кодекстің 629-бабының үшінші бөлігінде белгіленген тәртіппен айқындалады.»; бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға немесе тоғыз ай мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айыруға әкеп соғады.»; екінші бөліктің екінші абзацында: «айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі» деген сөздер «он бес айлық есептік көрсеткіш» деген сөздермен ауыстырылсын; «немесе» деген сөз «және» деген сөзбен ауыстырылсын; «алты айдан бір жылға дейінгі» деген сөздер «бір жыл» деген сөздермен ауыстырылсын; үшінші бөліктің екінші абзацындағы «айлық есептік көрсеткіштің бестен он беске дейінгі» деген сөздер «жиырма айлық есептік көрсеткіш» деген сөздермен ауыстырылсын; 13) 469-баптың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «бір жыл мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айыруға әкеп соғады.»; бірінші бөлікте: бірінші абзац «орнына берілген» деген сөздерден кейін «уақытша» деген сөзбен толықтырылсын; екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: «бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |