Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы (2007.02.10. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2008 жылғы 23 шілдедегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Бағаны мемлекеттік реттеу жүйесін тәртіпке келтіруге және тиімділігін арттыруға бағытталған мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі реформалау мақсатында қаулы етемін: 1. Қазақстан Республикасының Үкіметі: 1) Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалу агенттігіне Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің бәскелестікті қорғау және қаржы ұйымдарының монополистік қызметін шектеу саласындағы функцияларын; 2) Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс агенттігіне; Қазақстан Республикасы Үкіметінің телекоммуникациялардың әмбебап қызметтеріне тарифтер бекіту; Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің телекоммуникациялар және почта байланысы саласындағы табиғи монополиялар салаларын реттеу мен бақылау; Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің телекоммуникациялар және почта байланысы саласындағы тауар нарықтарында үстем (монополиялық) жағдайға ие нарық субъектілерінің тауарларына (жұмыстарына, қызметтеріне) арналған бағаларды реттеу жөніндегі функцияларын; 3) Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігіне: Энергетика және минералдық ресурстар мен көлік және коммуникация министрліктерінің: осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес қызмет түрлерін лицензиялау; теміржол көлігі, электр және жылу энергетикасы, азаматтық авиция, порттар қызметі саласындағы кемсітусіз қол жеткізудің техникалық шарттарын айқындау; Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің теміржол көлігі саласында рұқсаттарды беру; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|